ДИКТОР: Ел дамуындағы өзекті тақырыптарды сан тараптан талқылап, дәлелді сөз бен дәйекті пікірдің алаңына айналған дебат ойындары өңірде қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері үш үштен қалалық және облыстық турнир өтті. Шешендік сөз өнерінің тапқырлары Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде бас қосып, тартысты ойын өткізді.

РКС: Пікір сайыс турнирі Америкалық парламенттік форматта өтті. Мұнда үкімет пен оппозиция тарапында 2 ойыншыдан болады. Олар қаралуға ұсынылған қарарды берілген уақыт ішінде талқылайды.

СНХ: АҚБОТА ЖАНГІЛІСОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПІКІР САЙЫС ТУРНИРІНІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Мұнда бізде «Заң және тәртіп» идеологиясына байланысты қарарлар ойнатылады. Дебат ол жай ғана ұрыс емес, ол жерде біз саналы оймен өзіміздің ойымызды жүйелі дәлелдеуіміз керек. Біздің турнирге қазір 15 фракция 30 адам қатысып жатыр.

РКС: Турнирге қатысушылар 3 іріктеу кезеңі бойынша ойнады. Оның ережесіне сай олар өз пікірлерін айта отыра, құрған кейсін, аргументтерін ортаға тастап, фактімен дәлелдейді. Кейін, берілген тақырыпқа сай статистика келтіре отыра, философиясын нақтылайды. Содан соң әр топтан бір спикер сараптама жасайды. Позицияларының дұрыс екенін дәлелдеп, ойынды қорытындылайды.

СНХ: ҰЛЖАЛҒАС ӘБДУӘЛІ, «ТОМИРИС» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жалпы бүгінгі ойын тартысты, қызықты өтті. бізге берілген қарарлар КСРО кезіндегі, соғыс кезіндегі қарарлар туралы ойнадық. Келген командалар өте мықты, керемет дайындықта келген. Барлығы белсенді қатысты.

СНХ: ЕРКЕ РӘШИДА, ЩУЧИНСК ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Дебатпен 8-ші сыныптан бастап айналысамын. Қазір 2-ші курста оқимын. Бізге берілген тақырып жасанды интеллктке қатысты болды. Гинетикалық редакциялау техналогиялары арқылы ойын ойнадық. Алаңға шыққанда көбіне өз сөз байлығымен айтасың ғой, жазылған бірақ айтылмай қалған кездер болады. Және анализ кезінде қиындықтар кішкене туындайды.

РКС: Шара соңында облыстық пікір сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталып, дипломмен марапатталды. «Таным» командасы бас жүлдені еншіледі. Екінші орынға «Қыран KZ» орналасса, 3-ші орын «Жастар KZ» командасына бұйырды. Сондай-ақ, Айзара Тұрсынбай «Үздік спикер», ал Ақбота Жангілісова «Үздік төреші» номинациясын иеленді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ