ДИКТОР: Маңызды саяси науқанға ақмолалықтар ереукше белсенділік көрсетті. Таңмен таласа, кеш батқанша тұрғындар референдум учаскелеріне келіп, өз даусын берді. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақмола облысында тіркелген азаматтардың шамамен 80%-ті өз таңдауын жасаған.
РКС: Өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге аға буын өкілдері белсене қатысқан. Дауыс беруге санаулы минут қалса да, шаһар тұрғындары өз таңдауын жасауға жанталасқан.
СНХ: НЕСІПЖАН ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Енді жаңа Конституциядан қандай үміт күтеміз. Өміріміз жайнай берсін, зейнетақымыз. Ел болашағы үшін, балаларымыздың амандығы үшін осы жаңа Конституцияда орындалатын болсын.
РКС: Дауыс беру уақыты аяқталысымен комиссия мүшелері жиналған дауысты санауға кірісті. №17 мектеп ғимаратында 3 референдум учаскесі орналасқан. №47 учаскеде 2 274 дауыс беруші тіркелсе, 80 процентке жуығы өз таңдауын жасады.
СНХ: РАУШАН ХАСЕНОВА, №47 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Оның ішінде біз қазір бюллетендерді жарамды, жарамсыз бойынша санап шығамыз. Сосын процентін шығарамыз. Иә/жоқ деген – осларды біз қазір есептеп шығарамыз. Және одан кейін аумақтық сайлау учаскесінек апарамыз.
РКС: Бюллетеньдерді санағаннан кейін хаттамалар аумақтық комиссияларға жолданады. Референдумның соңғы нәтижелері елдегі барлық учаскенің деректері өңделгеннен кейін жарияланады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ