ДИКТОР: Жалпыхалықтық референдум барысында Ақмола облысында тіркелген қоғамдық байқаушылар белсенді жұмыс атқарды. 16 ақпаннан бастап дайындық жұмыстары жүргізіліп, өңір бойынша 1400 байқаушы 700 аумақтық референдум комиссиясының жұмысына қатысты.
РКС: Сонымен қатар 34 мобильді байқаушы аудандық, қалалық және өңірлік деңгейде бақылау жұмыстарын жүргізді. Әр ауданда құрылған байқаушылар штабында мобильді байқаушылар дауыс беру процесін қадағалап отырды.
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ДАУЫС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Олар нақты аудан, қалалық, региондарда жұмыс жасап өткізді. Енді біздің ең бірінші мақсатымыз өткізетін референдум, сайлау, кешегі референдум бойынша ең бірінші Заңға қайшылық жасамау. Бізде семинар болды. Кейстарды қарастырып, жұмысты қалай атқарамыз деп дөңгелек үстелдер, семинарлар әр ауданға барып, өздеріміздің байқаушыларымызбен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап бердік.
РКС: Оқыту барысында негізгі назар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Сайлау туралы» заңнамаларға аударылды. Семинарларда түрлі жағдайлар қарастырылып, заңнаманы қолдану тетіктері талқыланды.
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ДАУЫС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Семинарда көбінесе қараған кейстарымыз, қандай заңды қолданамыз деген сияқты. Ата Заң – Конституция, саулау Заңы, сонымен қатар мәдениет жағын, сайлау мәдениеті, тәртіп, заң, соған сүйеніп біз осы референдумды жақсы деңгейде өткіздік. Өзіміздің штабымыз құрылған. 3-4 адамнан штаб жұмысын атқарды, ақпарат алдық. Заң бойынша сұрақтар болса, ақыл-кеңес бердік. Байқаушыларымызды ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, білім саласында, мәдениет саласында, жеке кәсіпкерлер тарапынан таңдап алдық.
РКС: Көкшетау қаласының жоғары білім беру мекемелерінің ұстаздары мен болашақ заңгерлері байқаушылар қатарына кірді. Бұдан бөлек тек «Дауыс» республикалық қоғамдық бірлестік ғана емес, сонымен қатар аудандық қоғамдық бірлестіктерінің байқаушылары және волонтерлер де референдум барысын қадағалады. Мамандардың айтуынша, референдум барысында өңірде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ