ДИКТОР: Ізгілік пен жаңарудың символына айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі онкүндік наурызнамадан бастау алды. Мерекелік шаралардың шымылдығын «Амал» көрісу мерекесі ашып, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр күні мерекесімен ұласты. Салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында және бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған маңызды шараларды «Көкшетау Энерго» серіктестігі қалт жібермей ерекше атап өтуде.
РКС: Көктемнің алғашқы күнімен келген «Көрісу» күні «Көкшетау Энерго» серіктестігі өз қызметкерлерін құшақ жая, қол алысып көрісіп, ізгі тілектерін білдіре қарсы алды. Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша, сағынысқан ағайын мен көршілердің амандық сұрасып, бірлік пен сыйластықты нығайтатын ерекше сәт.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ГҮЛМИРА ЖОЛДАСОВА, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ ЗАҢ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көшпенділер дәуірінен орын алып, қазақтардың өмірінде құнды мереке саналған «Көрісу» мерекесі қыстан аман шығып, бірін-бірі көріп амандасудың белгісі болған. Өйткені қыс бойы бірін-бірі көру мүмкіндігі тумаған ауа райы қолайсыздығынан. Көктем келіп күн жылыған кезде қазақтар, барлық көшпенді халық бірін-бірі іздеп осы көрісу мерекесін тойлаған.
РКС: Киіз үй, жайылған мол дастарқан мен қазақтың қасиетті қара домбырасы мен қобыздың үні қазақ медениетінің төс белгісі сынды. Ою өрнекпен көмкерілген қазақтың ұлттық-киімі көз жауын алады. «Көкшетау Энерго» серіктестігінің қызметкерлері мен басшылары ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеу біздің негізгі мақсатымыз дейді.
СНХ:БАУЫРЖАН ӘБДІЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Осы наурыз айы көктемнің алғашқы айы көп мерекелер болып жатыр. өткен жолы әйелдер мерекесі болды, одан бері жалғасып «Көрісу», «Амал» күні сол мерекелер өтті. Енді соның бәрі наурыз мерекесіне ұласып келеді. Халқымызға осы ертеден келе жатқан Наурыз мерекесін тойлауды қайтардан жаңғыртып жақсы өткізіп жатқанына ризамыз. Бұл келешек ұрпаққа да ұлттық салт-дәстүрді сақтауға көп көмектеседі.
РКС: Сат-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім мұның бәрі ұлттық мәдениет. Бұл ғасырлар үндестігі. Кешегі тарих пен бүгінгі күннің алтын көпірі. Көктемнің шуақты күндерінің сәніне айналған Наурызнама мерекелік шаралар әлі де жалғасын таппақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ