ДИКТОР: Құрылыс-технологиялық колледжінде орналасқан екі учаскеде бюллетеньдерді санау басталды. Таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін тұрғындар референдум күні белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

РКС: Бұл №730 референдум учаскесі. Қазір учаскелік комиссия мүшелері дауыстарды санап жатыр. Учаскелік комиссия төрағасының айтуынша, күні бойы дауыс берушілердің шамамен 50 пайызы өз дауыстарын берді.

СНХ: ЕРЛАН БЕГАЙДАРОВ, №730 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қорытындыны шығару біраз уақыт алады, өйткені бұл дауыс санау процесі. Бұзылған бюллетеньдер де болады, «жақтап» және «қарсы» берілген дауыстарды бөлек есептеу керек, сондай-ақ жарамсыз бюллетеньдер бар. Ерекше атап өткім келеді, бұл референдумда адамдар көбірек дауыс берді, халық өте белсенді болды. Таңертеңнен бастап кезек болды.

РКС: Сондай-ақ №729 референдум учаскесінде де учаскелік комиссия мүшелері дәл осындай жұмысты жүргізіп жатыр.

СНХ: АСХАТ ЕРЖАНОВ, №729 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 4 байқаушы болды. Қазір сайлауымыз аяқталды, санауды бастайтын боламыз.

РКС: Бүгін Қазақстанда бір ғана сұрақ қойылды: азаматтар жаңа Конституция жобасын қабылдай ма? Бұл сұрақтың жауабын дауыс санау аяқталғаннан кейін білетін боламыз. Айта кетейік, облыс бойынша референдум күні 511 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге мүмкіндік алды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ