ДИКТОР: Ақмола облысының барлық аумағында мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шара су тасқынының алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Қылшақты - Көкшетау маңынан ағып өтетін шағын өзеннің бірі. Қар еріп, су деңгейі көтерілген кезеңде өзен маңындағы аумақтарға қауіп төнуі мүмкін. Осыған байланысты Қылшақты өзені бойында мұзды босату және ұсақтау мақсатында арнайы жару жұмыстары жүргізілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қылшақты өзені арнасын реттеу және көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына қалалық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінген. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға үш мердігер ұйым тартылды. Мамандар мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында 50 ккелі жарылғыш зат қолданды. Бұл мұз қабатын бұзып, қар еріген кезде судың өз арнасымен еркін ағуына мүмкіндік береді. Шаhардағы су өткізу каналдары да қардан тазалануда. Су деңгейі белгіленген қауіпті межеден асып кетсе, шамамен 180 тұрғын үйді су басу қаупі бар.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қылшақтыда су деңгейі өткен жылдың деңгейімен бірдей болып тұр негізі. Бізде қала бойынша бірнеше қауіпті учаскелер бар. Оның біріншісі жаңағы Қылшақты. 24 жылы 25-тің басында астын төмендету, тереңдету және үлкейту бойынша ол жұмыстар аяқталды. Тағы бір қауіпті учаске бұл бізде Содовое ауылының маңайындағы дачалық учаскелер. Ол жерде Шағалалы өзені. Сол жерде жұмыс жүргізілді. 1500 метр жерді біз тазалап, тереңдетіп, ұлғайттық. Қауіптің алдын алу бойынша барлық шаралар қолданылып жатыр.

РКС: Аймақтағы су тасқынының алдын алу мақсатында 60 шақырымға жуық өзен арнасы тазартылып, түбі тереңдетілді. Бұдан бөлек, ескірген 17 гидротехникалық нысан жөнделіп, қалыпқа келтірілді. Бұл 70 елдімекендегі 64 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

СНХ: ӘДИ ХАЛЕЛ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2026 жылы қыс мезгілінде қар шығару жұмыстарына қыс мезгілінде 4 милиардтан астам қаражат бөлінді. Бұл сумма өткен жылға қарағанда екі есе көп. Бұдан бөлек облыс аумағындағы өзен арналарындағы мұз жару жұмыстарына 103 миллион қаражат бөлінді. Бұл да өткен жылға қарағанда 1,7 есеге көп. Қазіргі уақытта облысымызда су тасқыны кезеңіне дайындық қарқынды жүргізілуде.

РКС: Биыл қар мөлшері қалыпты нормадан 30 процент аз түскен. Соған қарамастан, су тасқыны қаупі әлі де жоғары күйінде сақталып отыр. Бұл – топырақтың қатты тоңуына байланысты. Синоптиктер қардың белсенді еру мерзімін әлі де нақты айта алмай отыр, сондықтан алдын алу шаралары барлық өңірде жалғасады. Мамандар наурыз айында су тасқынына қатысты соңғы болжамды жариялайды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ