ДИКТОР: Наурыздың 14-інде Бурабай курортында қысқы балық аулаудан «Burabay Fishing Cup 2026» ашық фестивалі өтті. Шара белсенді демалыс пен балық аулау спортына қызығатын жандарды бір алаңға тоғыстырды. Фестиваль тек балық аулаумен шектелмей, табиғат аясында демалып, ерекше әсер алып, бәсекелестік рухты сезінуге мүмкіндік берді. Қысқы балық аулау әуесқойларымен тілшіміз Евгений Варанкин тілдесті.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Бурабай көлінде әуесқой балықшылар фестивалі өтіп жатыр. Жалпы фестивальге 100-ге жуық балықшы қатысып жатыр. Әуесқой балықшылар фестивалінің ережелеріне сәйкес әр балықшы үш лунка бұрғылап, бір қармақпен ғана балық аулау қажет.

СНХ: АНАТОЛИЙ НАРЫЖНЫЙ, ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Ең маңыздысы балық аулауда ғана емес. Ең бастысы – осы тамаша мереке. Номинациялар өте көп болады. Балықшылар үшін көптеген жақсы сыйлықтар бар, бұл олардың ынтасын арттырады. Балық аулау – бұл аэрация. Ережеге сәйкес әр балықшы үш ойық жасады. Соның арқасында өте жақсы аэрация болады. Көктемге таман балықтар оттегінің жетіспеушілігін сезінеді. Балық аулаудың экологиялық жағы туралы айтсақ, бұл жарыстар балық үшін пайдасы мол.

РКС: Шара барысында тек спорттық балық аулау ғана емес, экологиялық жауапкершілік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мұзды бұрғылау судың экожүйесін тұрақтандыруға, ластануды азайтуға және балық шаруашылығы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қатысушылар балық аулау ережелерін сақтап, тек рұқсат етілген құралдарды қолданды және мұз үстіндегі тазалықты сақтау міндеттелді. Балықшылардың қатарында ең жас қатысушы да, көп жылдық тәжірибесі барлар да болды. Олар өз номинациялары бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды.

СНХ: ТИМОФЕЙ ТИМКО, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ: Бүгін әкеммен бірге балықшылар фестиваліне келдім. Бүгін көп балық аулаймыз деп үміттенемін. Мен көптен бері балық аулаумен айналысамын. Қыста ғана емес, жазда да балық аулауды жақсы көремін. Менің көптеген достарым бар, олар да балық аулауды жақсы көреді.

РКС: Жарыс бірнеше номинация бойынша өтті. Балықшылар «Big Fish», яғни ең ірі балық, «First Fish» – алғашқы ау, сондай-ақ жалпы аулаған балықтың ең үлкен салмағы бойынша бақ сынады. Жарысқа қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, табиғат аясында белсенді демалып, балық аулаудың қыр-сырын тағы бір мәрте дәлелдеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ИЛЬЯ НОВОКШОНОВ, «FIRST FISH» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: жыл сайын қатысамын. Бірақ әрдайым жеңе бермеймін. Биыл бірінші болып балық аулап алдым. Әрі қарай да жалғастырамыз, мүмкін тағы да балық қармаққа ілінер. Біз осында, қарсы бетте тұрамыз, үнемі көлдің жанындамыз. Жазда да, қыста да балық аулаймыз. Жыл бойы тек осы көлде ғана емес, басқа көлдерге де барып тұрамыз.

РКС: Фестивальдің ең тәжірибелі қатысушы Георгий Соколов атанса, ең жас қатысушы Михаил Алферьев атанды. «Big Fish» және ең үлкен жалпы аулау салмағы бойынша номинациясында Юрий Мелешенко жеңімпаз атанды. Ал алғашқы балықты Илья Новокшонов аулап алды. Мұзды ең жылдам бұрғылауда Александр Бойко жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетінін айтады.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ