ДИКТОР: Көкшетауда 1500 ару жиналып, бес асық ойнады. Осылайша Қазақстанның Кинес рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр. Нәтиже 22 наурыз күні белгілі болады.
ИНТЕР ШУМ:
РКС: «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің президенті, осы ұлттық спорт түрінен Ақмола облысының бас жаттықтырушысы Самат Әукенов осыдан 10 жыл бұрын мектепте үйірме ашқан. «Алтын сақа» жобасын жасау міндетін ұлттық ойын жанашыры Мейрамбек Киықов алады.
СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, «АСЫҚ АТУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз спортзалда ойнап жүрдік, ауылда өскесін тоғызқұмалақ, асық барлығын ойнаймыз, күрес барлығы бар. Мына асық ойыны көрінбегесін Мейрамбек аға келіп, балалар ол кезде фишка ойнады. Барлығы орысша сөйлейді ата келіп, сөйлесейік деді. Ол кезде мұғалім болдым. Мектепте бастадым, қолдаумен. Астанадан келіп, көрді біздің жұмыс істеп жатқанымызды. Ұлттық спорт жанашырлары келді, неге көтермеске, неге насихаттамасқа, неге ұлттық спортқа айналдырмасқа деді. Ұлттық құрылтай жиналысын жасадық. Әр облыстан келіп спортшылар, барлығымыз бірге отырып, ережесін бір жүйеге келтірдік.
РКС: Осылайша Көкшетаудағы шағын спортзалдан басталған төл ойын жылдам дамып, қолдаудың арқасында 2021 жылы ұлттық спорт түріне, кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатарына енді.
СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, «АСЫҚ АТУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бес асық моториканы, көздің көруін, ептілікті күшті дамытады. Мына қыздардың отырысы бар. Әртүрлі отырады. Жамбастап отырады, айқастырып отырады, тізерлеп отырады. Мынаны дұрыстап тұрып қараса, өте керемет ойын.
РКС: Көгершін Думан асық ойнауды осыдан 6 жыл бұрын бастаған. Қазір әлем кубогының чемпионы, Еуразия кубогының күміс жүлдегері және 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойында 13 мемлекеттен жиналған спортшылар арасында чемпион атанған.
СНХ: КӨГЕРШІН ДУМАН, 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: Осы ойынның спортшысы ретінде осындай іс шараның өтуі мені қуантуда. Көптеген қыз баласы осы бес асық ойынын міне ойнауда. Мен ойнап бастағанда мынадай көлемде ойын өтпейтін еді. Біз өте аз көлемде ойнап бастап едік. Осындай дәрежеге жеткеніміз қатты қуантады.
СНХ: АЙДАНА АРЫСТАН, ОҚУШЫ: Бізді осы бес асық ойыны болады деп шақырғанда, қатты қуандық. Өйткені біз мектепте ойнаймыз, осындай іс шаралар болып тұрады. Мектеппен қатысу бізге өте ұнайды.
РКС: Ақмола облыстық білім басқармасының басшылары бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатынын айтады.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық құндылықтарды насихаттауда, оның ішінде ұлттық спорт түрін дамытуда. Біздің осынау Көкшетау қаласының қыздардың рекордқа қосқан үлкен үлесі деп білеміз. Мұнымен біз мақтанамыз. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
СНХ: БОТАГӨЗ ҚОСАҚАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бес асық ойыны ұлттық кодымызды сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ойын балаларды жақсы қасиеттерге баулиды. Сабырлық, адамгерік, үлкенді сыйлау. Бұл балалардың өмірінің бір бөлігі болуы керек. Оқушылар үзілісте ойнауда. Іс шараға 2 ай бойы дайындалдық.
РКС: Қазір Ақмола облысы бойынша 7 мыңнан астам қыз асық ойнайды. Облыстың барлық мектептерінде үйірме жұмыс істеп тұр.
ИНТЕР ШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ