ДИКТОР: Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көкшетауда ерекше жоба жүзеге асты. «KOKSHE» телеарнасының қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Достар» мәдениет сарайы ұжымының бірлескен еңбегі ретінде «Көкшетауға көктем келді» атты мерекелік концерт көрермен назарына ұсынылды. Аталған жоба бірнеше жыл қатарынан Әз Наурыз мерекесі қарсаңында өткізіліп келеді.
РКС: Тележобаға Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы Гүлмира Жакилина арнайы шақырылды. Сондай-ақ есімдері Көкше жұртына етене таныс өнер қайраткерлері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова мен Мәдениет саласының үздігі, Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актері Қайрат Мырзаболат өнер көрсетті.
СНХ: БИСАРА МӘСКЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Осы шарада+скл+баласына қыз іздеген, келін іздеп жүрген ата-ана туралы, ол ана бейнесінде мен өзім ойнайп жатырмын, арасында өлеңімді айтамын. Үйленбей жатқан балаларымыз осы үйленіп, бір басы екеу болып, Қазақстанымызда, елімізде сондай жұпты жастар көбейсін дегім келеді.
РКС: Қойылым желісіне «Тақиялы періште» фильмінің негізі алынып, заманауи интерпретациямен толықтырылды. Сахналық туындыда әзіл мен сатира шебер ұштасып, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер көркем тілмен өрілді. Атап айтқанда, әлеуметтік желілердің ықпалы, жалған көріпкелдік қызметтердің белең алуы, сондай-ақ жастардың отбасын құруға деген көзқарасы секілді маңызды тақырыптар бейнеленді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ГҮЛМИРА ЖАКИЛИНА, Ә.МӘМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДРАМА ЖӘНЕ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ: Көкше жерінде мен 98 жылдан бастап Шахмет Құсайынов атындағы музыкалық драма-театрда жұмыс жасадым. Сол кезден бастап осы жобаны қолға алып, кейін Астанаға кетсем де, мәдениет басқармасы ылғи шақырып, осы жобаны жұмыс бірге жасап, өзіме ұнайды, ерекше, тақырыбы да керемет қой. Көкшетауға көктем келді! Рахмет, мерекеміз құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш. Берекелі, мерекелі, келген жылқы жылымыз жақсылығымен келсін. Біз үшін нағыз осы наурызда келеді ғой жаңа жылымыз. Жақсы жыл болсын, жайлы, майлы, бейбітшілік жылы болсын.
РКС: Шараның ең қызықты тұстарының бірі – залда отырған зиялы қауымның сахнаға шығып, қойылымға тікелей қатысуы болды. Бұл сәт бағдарламаға ерекше жан бітіріп, жұртшылық пен әртіс арасындағы байланысты жақындата түсті. Рухани кеш көрерменінің жан дүниесін тербеп, әрбіріне ерекше әсер сыйлады.
СНХ: МАРАЛ ЖАҚЫП, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көкшетауға көктем келді! Бұл бағдарлама соңғы 20 жылдай болып қалған шығар көкшетаулық көрерменнің көңілінен шығып келе жатыр. Жылда көктемде осы бағдарламаны кәдімгідей күтетін болдық. Бағдарламаның идеясы өте жақсы, айтылатын әңгімесі де астарлы, әзіл арқылы жетіп жатыр көрерменге. Өте ұтымды бағдарлама екен деген тұжырымға келдім.
СНХ: ГҮЛДАНА ЕСМУРЗИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Тағы бір ерекшелігі бұл өзімізбен бірге залда отырған қонақтардың кезектесіп сахнаға шығуы ерекше сондай әсер берді. «Тақиялы періште» фильмінің аясында болып жатыр. Және ол өмірден алынған болып жатыр. Мен Бисара Мәкенқызын өте жақсы танимын. Ол кісінің ұлы Арман өмірден алынған өмірден алынған персонаж болып тұр да. Сондықтан сондай бір шынайы атмосферада көріп отырмыз.
РКС: «Көкшетауға көктем келді» атты тележобаны наурыздың 22-де кешкі сағат 17:00-де «KOKSHE» телеарнасынан көрсетіледі.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ