ДИКТОР: Қосшы қаласында қар тазалу жұмыстары баяу. Соңғы 14 күн ішінде шаһарға түскен қардың қалыңдығы бір айлық мөлшерге жетті. Салдарынан, қар тазалау жұмысы шеткі аудандарды есептемегенде, орталық көшелердің өзінде ақсап тұр. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов пен аймақтағы жедел штабтың өкілдері су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексерді.
РКС: Тексеру барысында шаһарда қар шығару жұмысы баяу екені байқалды. Кей көшелерде еріген қар суы көліктен бұрын тұрғындардың қозғалысына едәуір кедергі келтіріп отыр. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қала әкімін қатаң сынады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қанша айтылды? Неоднократно же айтылды қар шығарыңдар деп. Давно это можно было вывозить. Нельзя вот жылда осылай деп. Неправильно. Вы привыкли жылда осылай деп.
РКС: Шаһардың Республика, Абай, Абылай хан және Ғабдуллин көшелеріндегі еріген қар суын сорып шығару үшін 20-дан астам су сорғыш құрылғысы, 60-қа жуық самосвал және 15 тиегіш, автогрейдерлер жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Аршалы, Астрахан аудандары мен Астана қаласынан мердігер ұйымдар тартылған. Аймақ басшысы алдағы уақытта жаңбыр суын ағызатын арнайы арналар салуды жоспарлап отыр. Десе де, жұмыстар әлі де баяу. Сондықтан кейбір техникалар Астана қаласынан алынды.
СНХ: МАРАТ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір Қосшы қаласының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Су тасқынының алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі қарды шығару және еріген суды сору. Бұл жұмыстарды күшейтілген режимде атқарып жатырмыз.
РКС: Соңғы 14 күнде Қосшы қаласында қардың айлық мөлшері түскен. Аймақ басшысы Дамса, Жібек жолы және Талапкер ауылдарының әкімдерін де сынға алды. Себебі, бұл елдімекендерде де қар шығару жұмыстары баяу.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әкімдерге барлығына тапсырма берілген. Осы бораннан кейін жаппай шығып, мынау қар шығару мәселесі бойынша. 2-3 нұсқау бердік. Целиноград, Аршалы аудан әкімдері, сендерге де осы міне, сабақ болсын.
РКС: Қажетті шаралар уақытылы атқарылмағандықтан, бұл аймақтарда су басу қаупі жоғары. Өңір басшысы Марат Ахметжанов аудан және қала әкімдеріне қар шығару жұмыстарын күні-түні тоқтаусыз атқаруды тапсырды.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ