ДИКТОР: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Сапар барысында ол аймақтың ірі өндіріс орындарын аралап, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Жиында кәсіпкерлер қандай мәселелерді көтерді, ал «Атамекен» палатасы оларға қандай қолдау көрсетуге әзір? Тілші айтсын.
РКС: Кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық климатты жақсарту - басты басымдық. Кездесу барысында Қанат Шарлапаев алдағы жұмыс бағыттарын айқындап, еліміз бойынша кәсіпкерлерді алаңдататын бірқатар мәселенің жеке бақылауына алынғанын жеткізді.
СНХ: ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Басты мақсаты осы ішкі инвесторларды да қолдау. Заңнама өзгерістер аз емес. Қазіргі таңда тауар өңдірушілердің тізімі іске қосты. Күшке еңгізді. Шілде айына Ұлттық тауарлардың каталог іске қосатын боламыз. Жаңа салық кодекстің администрирование жағынан мәселелер аз емес. Одан кейін деңсаулық саласында әрине мәселелер бар. Олардан кейін жеке меншігінде мектептер және балабақшалар бар. Осындай 5 мәселелер қазіргі таңда менің өзімнің жеке бақылауында.
РКС: Ал кәсіпкерлер тарапынан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер күнделікті қызметке кедергі келтіретін жүйелік мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, теміржол логистикасы, экономикалық қызмет түрлерінің классификаторын жаңарту қажеттілігі және жер мәселелері де сөз болды. Ветеринария, химиялық өнімдерді экспорттау және туристік сала мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ, ҚР БАЛАЛАР ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінде балалардың ауылдық демалысы 11 денсаулық сақтау нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. Қазір біз, жеке кәсіпкерлер ретінде, доврачебтік зертханаға лицензия ала алмаймыз. Қалай? Бұл құжатты ИП үшін дәрігер жеке тұлға ретінде алуы керек. Бірақ дәрігерлер осы жауапкершілікті көтергісі келмейді. Біз бұл кәсіпкерлік кодексін бұзу деп санаймыз.
РКС: Президиум төрағасы аймақ кәсіпкерлері көтерген мәселелердің орталық мемлекеттік органдар деңгейінде қарастырылатынын жеткізді. Кәсіпкерлікті дамыту бағытына келетін болсақ, ол өңірдегі жұмыстарға оң баға берді.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция 1,5 есе өсті. Бұрнағы жылмен салыстырғанда 153 процентке жетті. Мұның бәріне әр инвестордың қолма-қол сүйемелдеуінің арқасында қол жеткізілді. Біз үшін шетелдік және отандық инвесторлардың арасында еш айырмашылық жоқ. Бәрі тең. Біз ешқайсысын шет қалдырмаймыз. Соңғы үш жылда 2 мыңнан астам бизнес жобаға қолдау білдірдік. Салалық құрылымда қолдауға ие болған жобаларлың жалпы санының 25 проценті қайта өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі. Біз бұл жерде индустриалды аймақтарға басымдық береміз.
РКС: Жұмыс сапары соңында Қанат Шарлапаев Көкшетаудағы ірі кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында су және алкоголь өнім өндірісі, ыдыс-аяқ пен ұлттық ағаш бұйымдарын шығару, сүт өнімдерін қайта өңдеу салалары бар. Кәсіпкерлердің айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау және экспорт рәсімдерін реттеу кәсіпорындардың әрі қарай дамуына мүмкіндік береді. Қанат Шарлапаев аймақ өндірісінің тұрақты даму көрсетіп отырғанын атап өтті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ