ДИКТОР: Өңірдегі 16 кәсіпорынның 68 жұмысшысына 9 миллион 200 мың теңге жалақы қарызы бары анықталып отыр. Осындай құқық бұзушылықтарға байланысты аталған кәсіпорын басшыларына әкімшілік айыппұл салынып, тиісті шара қолданылды. Қазір үш өндіріс орнының өз қызметкерлеріне 40 миллион теңгеден артық жалақы қарызы бар. Қазақстандағы құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің міндеттері жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды. Тілші баяндасын.

РКС: Қазақстандағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасуға, әрі еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті. Биылғы жылдан бастап тиісті ақпаратты уақытылы, сапалы және дұрыс енгізбегені үшін жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Жұмыс беруші жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда, мерзімдік аттесттаудан өткізбеген кезде де айыппұл жазалары тағайындалады.

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмысшы келіп, арызданса, еңбек заңнамаларын бұзуға қатысты,біз бұрын жұмысшыдан талап ететінбіз арызбен бірге еңбек шартын ала кел деп, бүгінгі күні шағымданған азамат, жеке сәйкестендіру нөмерін бізге айтқаннан кейін, электронды форматта қараймыз да, қосымша құжаттар талап етпейміз.

РКС: Еңбек заңнамасы талаптарын сақтау мақсатында былтыр облыстың 287 кәсіпорны мен ұйымы тексерілген. 358 құқық бұзушылық анықталған. Соған сәйкес жұмыс берушілерге 209 нұсқама берілді. Еңбек заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 112 лауазымды және заңды тұлғаларға 18 миллион 385 мың теңгеге әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған. Былтыр өндіріс орнында жазатайым 50 оқиға орын алып, 8 адам көз жұмды.

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз қандай шара қолданамыз мысалы, біз айыппұл салған кезде жеті жұиыс күн ішінде егер ол айыпұлды жабамын десе, онда елу пайыз. Біз міндеттіміз сондай жағдайды жасауға, сондай уақыт беруге.жеті күннің ішінде айыппұлын төлесе, 18 жарым миллиондай болса, оны екіге көбейткенде 36 миллионнан асып кетеді. Сондықтан жеті күннің ішінде ол елу пайызын төлесе, ол заңға зәйкес болады

РКС: Жыл басынан бері департамент тарапынан өңірдегі 47 кәсіпорын мен ұйым тексеріліп, 61 құқық бұзушылық анықталған. Оның басым бөлігі еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігіне байланысты. 353 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары қаралып, 28 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ