ДИКТОР Елімізде «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң күшіне енді. Енді бұл бағыттағы жұмыс тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндетіне айналмақ. Жаңа заң қоғамдағы қауіпсіздікті күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіруді көздейді.

РКС: Енді құқық бұзушылықтың салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алуға басымдық беріледі. Бұл іске тәртіп сақшыларымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өздері де белсенді түрде тартылады.

СНХ: АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бұл субъектілердің әрқайсысы профилактика саласында белгілі бір функцияларды орындайды. Мысалы, білім беру органдары жастар арасында тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, әлеуметтік қорғау органдары қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді, ал құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.

РКС: Осылайша, мамандар қауіптің алдын алу арқылы қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуды көздеп отыр.

СНХ: АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Құқық бұзушылықтардың профилактикасы тек жасалған құқыққа қарсы әрекеттерге ден қоюды ғана емес, ең алдымен олардың туындауының алдын алуды қамтиды. Бұл профилактикалық іс-шараларды өткізу, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәуекел тобындағы адамдармен жеке профилактика жүргізу, ресми ескерту жасау, сондай-ақ халықпен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтиды.

РКС: Заң аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылға ерекше мән берілген. Енді мемлекеттік органдар тығыз байланыста жұмыс істеп, ақпарат алмасу арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуды бірлесе жүзеге асырады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ