ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының студенттері әділетті Қазақстанды құрудың, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудың негізгі идеологиясы саналатын Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес, есірткі саудасымен істі болған екі адамға қатысты көрнекі сот отырысын өткізді. Оқу орнында жүргізілген сот процесін облыстық прокуратураның өкілдері бақылады. Басты мақсат – жастарды есірткі саудасының салдарымен жақын таныстыру.

РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының оқытушылары облыстық құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар өзара келісім-шарт жасасып, студенттердің мемлекеттік мекемелерде тәжірибе жинақтап, кейін жұмысқа орналасуынан мүдделі. Бұл жолғы өткен қойылым өмірде орын алған, есірткі өнімін жасап, сатып, кейін істі болған екі адамға қатысты жүргізілген сот процесінің көшірмесі еді. Оны құқық кафедрасының студенттері, яғни болашақ заңгерлер бірі сот, бірі қорғаушы, енді бірі айыптаушы болып жүргізді. Айыптылар да формальды түрде студенттердің өздері. Сот отырысын прокуратура қызметкерлері бақылап, баға берді.

СНХ: МАРАТ БАҚТЫБЕКҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Есірткі тасымалдау және айналысу қазіргі таңның індеті. Өте ауыр қылмыс. Біздің жастарға қандай зиянын, қандай қаупін алып келетінін, қандай жауапкершілік алып келетінін көрсетіп, соны жеткізгіміз келеді. Жастар өзінің жауапкершілігін сезініп, біліп жүрсе, ондай қылмысқа бармайды деп есептейміз.

РКС: Студенттер жүргізген қойылым сот процесінде өзінің серіктесімен психотроптық есірткі затын өндіріп, саудалаған азаматтан жауап алу, айыптау, үкім шығаруға дейінгі кезең толық көрсетлді. Аудиторияда отырған жастар аса ауыр қылмыстың жазасы өте ауыр болатынын көрді. Есірткі тасымалдап, өндіріп, сатумен айналысқан адам кем дегенде 10-15 жыл арқалайды. Бұл жастар үшін ойлантатын жағдай.

СНХ: САНЖАР СЕРІКОВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТІ: Қазіргі жастар, студенттер өте қатты ақшаға қызығады, сол үшін олар оңай ақша табуды іздейді. Көбінесе жұмыс іздегенде олар инстаграм, телеграм каналдарға өтеді, ол каналдарда көбінесе көбінесе курьер болып жұмыс жасауды ұсынады. Олар оны білмей, есірткіні бір жерге тығып, содан кейін жастар ұсталып, 10-15 жылға түрмеге отырады..

СНХ: ЛИЗА ЕСЕНЖОЛ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі шараның болуы өте маңызды деп санаймын. Осындай сот процесінің көшірімдік үлгісін көру арқылы жастардың құқықтық сауаттылығы артады. Және заңның қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

СНХ: ЕЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТІ: Бұл мемлекет басшысының заң және тәртіп қағидаты бойынша болып жатыр және біздің университетіміз құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейтінімізді және тжірибе жүзінде атқаратынымызды көрсетеді.

ТОЛЬКО ДЛЯ РУСС: СНХ: ДАНИАЛ РАЖАПОВ, СТУДЕНТ КАФЕДРЫ ПРАВА КОКШЕТАУСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМ. Ш. УАЛИХАНОВА: Сегодня мы присутствовали на судебном процессе по теме наркотиков,этот процесс показал, как на самом деле все происходит, очень полезный процесс. Сейчас среди молодежи актуальна проблема наркотиков. Когда ты видишь на практике, то делаешь для себя выводы... Приводит к плохим последствиям.

РКС: Қойылым сот отырысының соңында осы істің басты кейіпкері, бүгінгі күні жазасын өтеп жатқан азамат онлайн байланысқа шығып, өзінің қателігін енді түсініп, өкінетінін айтты. Сол арқылы студент жастарға ой тастады. Яғни, арзан ақшаға құнығудың соңы абақты екенін еске салды.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ