ДИКТОР:Көкшетауда инклюзивті ата-аналар қоғамдық қоры мен инклюзивті ассамблеяның ұйымдастыруымен ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған орталықта көктемнің шуақты лебін ала келген Наурыз мейрамы аталып өтті. Ұлттық салт-дәстүрмен өрілген мерекеге инклюзивті топтағы балалар, ата-аналар мен ұстаздар жиналып, бір сахнада ұлттық өнер көрсетіп, келген қонақтарды тәнті етті. Сахна төрінде бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкісі мен әуезді әні ерекше үйлесім тапты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Өнерпаздар қазақтың қоңыр әуенін шырқап, мың бұралған би арқылы көңілдің көркем күйін жеткізді. Кішкентай жүректердің үлкен өнері көрерменнің жанын тербеп, әр концерттік номер шынайылық пен тазалықтың көрінісіндей әсер қалдырды.

СНХ:МАХАББАТ ҚАСЫМОВА, «ИНКЛЮЗИВТІ АТА-АНАЛАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Концертте біздің тәрбиеленушілеріміз және қосымша қонақтарымыз ассамблеяның жұмыскерлері, сонымен қоса МСУ ұйымының балалары қатысады. Біздің қоғамдық қорда 22 бала бар.

РКС:Мерекелік шарада ата-аналар балаларымен бірге өнер көрсетіп қана қоймай, қазақтың ұлттық киімінің сән үлгісін де көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:ЕКАТЕРИНА ДИЗЕНДОРФ, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға. Наурыз айы туғанда. Құрметті қонақтар, балалар, барша көкшетаулықтар сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаларыңызға татулық, достық және денсаулық тілеймін.

РКС: Ерекше қолдауды қажет ететін балалардың тұла бойы тұнған талант. Бірі ән айтып құлақ құрышын қандырып риза етсе, бірі өлең жолдарын оқып тамсандырды. Бала бойында осындай оң үдерісті дамыту үшін бір қатар мамандар жұмыс істейді.

СНХ:ЕВГЕНИЯ ЮРИНА, «D&K» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қолмен жұмыс істеу, ұсақ моториканы дамытады. Сол арқылы баланың ойлау қабілеті жетіліп, танымдық үдерістері қалыптасады. Сондай-ақ, мұндай әрекеттер қиял әлемін байытып, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түседі. Ал егер балада қарым-қатынас жасау немесе өз ойын жеткізу барысында қиындықтар болса, ән айту, музыкамен айналысу немесе сурет салу қоғамдық ортаға бейімдеп, ішкі жан дүниесімен үйлесім табуға мүмкіндік береді.

РКС: Айта кетейік, ерекше жандарды қоғамда қолдайтындар көп. Бүгінде мерекелік шараның құрметті қонақтары балалардың өнеріне тәнті болып, сый-құрметке бөледі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:АЙНАГҮЛ ӘБДІРАХМАНОВА, «ГОРМОЛЗОВОД» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Шынында да, өте жарқын, өнерлі балалар екен. Түрлі аспаптарда ойнап, би билеп, өлең оқып, өз өнерлерін паш етті. Осындай балалардың дамуына үлес қосып, олардың өзін-өзі танытуына жол ашып жүрген жандардың бары қуантады. Біз мұндай игі бастамалармен әрдайым әріптестік орнатуға дайынбыз. Баршаңызды Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

РКС: Дәл осындай оң бастамалар ерекше балалардың қоғаммен біте қайнасып, өз орнын табуына жол ашады. Баланың бойындағы сенімді оятып, жүректеріне үміт ұялатады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ