ДИКТОР: Ақмола облысында ұлттық көлөнерді жаңғыртып қана қоймай, оны кәсіп көзіне айналдырғандардың саны артып келеді. Олардың қатарында көпбалалы аналардың үлесі басым. Тіпті кейбірі адал еңбек пен мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын тігін шеберханаларын үлкен өндіріс ошағына айналдырып отыр. Солардың бірі - Самал Қостанова. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: Самал Қостанова - 4 баланың анасы. Кәсіпкер өз ісін осыдан 9 жыл бұрын 1 тігін машинасымен бастаған. Қазір кеңейіп, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол көбіне ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар жасайды. Әсіресе, заман талабына сай жасалған оюлы алқа, сырға және түйреуіш қазір ерекше сұранысқа ие. Оның қолынан шыққан бұйымдардың ерекшелігі - дәстүрлі ою-өрнекті күнделікті тағуға ыңғайлы үлгіге айналдыруында. Қарлығыш, қошқар мүйіз сынды ұлттық элементтер заманауи пішінде жаңа тыныс алған.
СНХ: САМАЛ ҚОСТАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Бұл тұмаршалардың негізі ағаш болып саналады. Ағаштың үстінен эпоксидна смола дейді соны бірнеше қабат жаға отырып, лампаның астында күйдіріп осындай тұмаршаларды жасап жатырмыз. Бұған қазір сұраныс өте көп. Бұдан басқа біз сұранысқа қарай осындай жағаларды тапсырысқа қабылдаймыз. Бұдан басқа, қазіргі уақытта енді-енді трендке айналып жатқан осындай галстуктарды жасаймыз. Біздің бағытымыз бұл ұлттық нақышты заманға сай киімге үйлестіріп келтіру.
РКС: Самал Сайранқызы өзінің кәсібін үй жағдайында құрақ көрпе тігуден бастады. Бір кездері іс тігу, ою-өрнектің қыр-сырын меңгеру ойына мүлдем кіріп-шықпаған. Ал, уақыт өте тәжірибе жинап, ұлттық нақыштағы киімдерге де тапсырыс қабылдай бастады.
СНХ: САМАЛ ҚОСТАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Киім тігу менің призваниям деп ойладым. Сүйтіп, киім тігіп кеттім 2019 жылдан бастап. Қазіргіге дейін біз киім тігудеміз. Киімді жеке және коллективтарға тигеміз. Бишілерге, әншілерге, домбырашыларға. Көптен көп тапсырыстар мектептерден түсіп жатыр. Балаларға арналған жилеткелер тігеміз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шебердің қолынан шыққан туындылардың тағы бірі - ою-өрнекпен көмкерілген бас киім.
СНХ: САМАЛ ҚОСТАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Қазақстан бойынша осындай оюды ешкім түсірмейтін сияқты. Өйткені, бұл ең қарапайым жолы ою түсірудің. Біз мынау матаны өзіміз алып, оны тігеміз. Ал, оюды қарпайым матаға арналған бояулар болады, сол арқылы, яғни трафарет арқылы түсіреміз. Ал, трафаретті қарапайым ағаштан ойғызып,соған бояуды жағып, осылай шапкаларға түсіреміз.
РКС: Қазір кәсіпкер қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінен жеке бутик ашты. Бұл қадам оның ісін жаңа деңгейге көтерді. Сонымен қатар, Самал Сайранқызы бірқатар шеберлік сабағын өткізіп, ұлттық оюды насихаттап жүр.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ