ДИКТОР: Былтыр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген сауда үстемесін асырғаны үшін 193 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік шаралар 216 бизнес субъектісіне қолданылды. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі өңірдегі әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер ететінін атап өтті.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Азаматтардың арыз-шағымдары нарықтағы жағдайдың негізгі көрсеткіші болып қала бермек. Былтыр бөлшек сауда саласына ең көп шағым түсіп, оның үлесі 39 процентке жетті. Одан соң электронды коммерция – 27, тұрмыстық қызметтер – 18 және туристік қызметтер – 16 проценттік көрсеткішке ие болды. Бұл ретте арыз-шағымдардың 83 проценті қанағаттандырылып, тұтынушыларға 82 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды.

ГРАФИКА:

Бөлшек сауда – 39%

Электронды коммерция – 27%

Тұрмыстық қызметтер – 18%

Туристік қызметтер – 16%

Қанағаттандырылған арыз-шағымдар – 83%

Тұтынушыларға қайтарылған қаражат – 82 000 000 теңгеден астам

РКС: Бұл ретте назар тек бақылауға ғана емес, бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге де аударылады. Осы орайда өңірде республикалық «Наурыз Сейлс» акциясы бастау алды.

СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Акцияның мақсаты – халыққа жеңілдіктер ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау, мереке кезеңінде азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардың қолжетімді бағасын қамтамасыз ету. Акцияға Союз, Инмарт, Смол, Лайм, Семейный, Доброцен сауда желілері, сондай-ақ Арбат, ЦУМ, Жеке Батыр сауда үйлері мен өңірдегі «РИО» және «Көкше Мол» сауда-ойын-сауық орталықтары қатысады. Тауарлардың төмендетілген бағамен сатылуына, формалды тәсілге жол бермеуге және ашықтық принциптерін сақтауға ерекше назар аударылған.

РКС: Құқықтарды қорғаудың тиімді тәсілінің бірі – сотқа дейінгі дауларды шешу. Былтыр тұтынушыларға ақауы бар автокөлік үшін 8 млн теңгеден астам, зақымдалған жаңа автокөлік үшін 28 млн теңге, тұрғын үйді тапсыру мерзімінің бұзылғаны үшін 22 млн теңге қайтарылды.

СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Электронды сауда саласында да көптеген қайтарымдар тіркелген. Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау сотқа бармай-ақ жылдам әрі тиімді жүзеге асырылатынын көрсетеді. Дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, департамент сот процестеріне қатысады. Былтыр 15 әкімшілік іс қаралып, азаматтардың пайдасына шамамен 10 млн теңге өндірілді. Мұның бәрі нарықтағы тәртіпті күшейтіп, бизнес субъектілерінің жауапкершілігін арттырады.

РКС: Өнім сапасын бақылау – басты бағыттың бірі. «Сапалы Өнім» бағдарламасы бойынша бақылаулар мен қоғамдық мониторингтер жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда шара қолданылады. Тұтастай алғанда облыстың тұтыну нарығы тұрақты және әрдайым бақылауда, – дейді мамандар.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ