ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жаңа Салық Кодексін енгізу және цифрлық әкімшілендіру экожүйесін дамытуға байланысты жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, негізгі өзгерістерді түсіндіріп, салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді.
РКС: Қаржы министрлігі биыл күшіне енетін ауқымды салық реформасын жүзеге асыруда. Оның негізгі мақсаты бизнеске әкімшілік жүктемені азайтатын және нарықтың адал қатысушылары үшін тең бәсекелестік жағдайын жасайтын ашық, болжамды және қызмет көрсетуге бағытталған салық жүйесін құру. Реформа негізінен фискалдық тәсілден қызмет көрсетуге негізделген басқару моделіне көшуді көздейді. Ол процестерді цифрландыруға, тәуекелге негізделген бақылауға және салық процедураларын жеңілдетуге негізделген.
СНХ: ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік саясат туралы ақпарат беру басты мақсат. Соңғы екі үш жылдың ішінде көп өзгерістер болды. Қазір салық реформасы жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сатып алу заңнамасы өзгертілді. Сол өзгерістердің негізі және сіздермен тарқылау заңнама шеңберінде туындайтын сұрақтар бойынша қандай шешімдер қабылданады, қабылданып жатыр, көп ұсыныстар түседі деп ойлаймын.
РКС: Жаңа салық саясаты инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру бастамасы аясында Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ақпараттық архитектура құруда. Негізгі жүйелер — ISNA, KEDEN және Smart Data Finance (смарт дара файненс) — салық процестерінің бүкіл циклін қамтиды. 1000-нан астам әкімшілік операцияларға және 300-ден астам іскерлік қызметтерге қолдау көрсететін жүйе қазірдің өзінде енгізілген.Кәсіпкерлерді қолдау үшін бейімдеу шаралары енгізілді. Атап айтқанда, негізгі қарызды өтеу кезінде өсімпұлдарды есептен шығаруды, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін оңайлатылған тарату рәсімдерін қарастыратын «Таза парақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты халықпен ашық, әрі конструктивті диалог орнату. Тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау және министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асатын үкімет қағидатын ерекше атап өткен болатын. Осыған орай мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді кері байланысты қамтамасыз ететін маңызды алаң болып табылады.
РКС: Кездесу барысында вице-министр Ержан Біржанов салық төлеушілердің сауалдарына жауап берді. Сұрақтар шаруа қожалықтарына және қаржы жымқыруда істі болған есепшілерінің қарызы кәсіп иесінің мойнына жүктелуіне байланысты болды. Спикер Жаңа салық Кодексіне енгізілмеген кей жәйттерге қатысты мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта жетілдірілетінін айтты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ