ДИКТОР: Көкшетауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға түрлі саладағы 20-ға жуық мекеме қатысып, бос вакансияларды ұсынды. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер үміткерлермен тікелей кездесіп, талаптар мен еңбек шарттарын түсіндірді. Ал жұмыс іздеушілер түйіндемелер тапсырып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай жәрмеңке жастар үшін өте тиімді. Өйткені, бірнеше жұмыс орнымен танысып, өзіне қолайлысын таңдай алады. Мұндай шаралар халықты жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды қадамның бірі.
СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 1-ші тоқсанға арналған, жастарға бос жұмыс орны жәрмеңкесін ұсынып жатырмыз. Әр тоқсан сайын бұл іс-шараны өткіземіз. Бүгін бізде 100 шақты бос жұмыс орны бар. Біздің басты мақсатымыз жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықпен күресу.
РКС: Түрлі саладағы бос жұмыс орнын ұсынушылар бір алаңда тоғысып, талаптарды ортаға салды. Ең бастысы жоғары немесе арнайы орта білімнің болуы шарт және жұмыс істеуге деген құлшыныс жеткілікті,-дейді жәрмеңкеге қатысушылар.
СНХ:ЛЕЙЛА ӘЛІШПАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН АСТЫҚ КОНСОРЦИУМЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ПЕРСОНАЛДЫ ІРІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: Әсіресе жастар үшін игі бастама. Қазір аудандарда кадр тапшылығы сезіледі. Бізге агрономдар, сервистік инженерлер және механизаторлар қажет. Біздің холдинг негізінен өндіріс саласында жұмыс істейді. Өсімдік, мал шаруашылығымен және астықты өңдеу және сақтау жұмыстарымен айналысады. Ақмола және Солтүстік өңірлерде 20-дан астам шаруашылық бар, сондай-ақ өз элеваторларымыз да бар.
СНХ:ҰЛАН ЖАНАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Негізі Ақмола облысында өрт сөндіру және өрт сөндіру автокөліктерін жүргізу қызметкерлері лауызымдары ұсынып келіп отырмыз. 18-35 жас аралығында азаматтарды жұмысқа қабылдаймыз. Білімі орта арнайы және жоғары білім болуы тиіс. Олар алғашқы әскери дайындық комиссиясынан өтуге жібереміз. Өтіп болғаннан кейін, жарамды деп танылса полиграфолог зерттеуден өткізіп, алғашқы кәсіптік даярлыққа жібереміз.
РКС: Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарына қызығушылық танытқан жандар көп. Әсіресе жастардың қарасы қалың.
СНХ: МЕРУЕРТ ҚАЛМҰРАТ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы жылы оқуымды бітіремін. Соған байланысты өзіме жақсы жұмыс орнын іздеп жүрмін. Жәрмеңкеге келіп отырмын. Нақты педагогикалық мамандықтар болмаса да, мемлекеттік құзыретті органдарға жұмысқа тұруға өзіме мақсат қойдым. Жәрмеңкеде осы мамандықтардың кадр бөлімімен контактілерімен алмастық. Болашақта хабарласатын боламын.
РКС: Бұл жолғы жәрмеңкеде өндіріс, қызмет көрсету салалары бойынша жүздеген вакансия ұсынылды. Мамандардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етпек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ