ДИКТОР: Ақмолада Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыздың қарсаңында ұстаздар қауымы арасында алғаш рет ұлттық рухты асқақтатқан «Ұстаз барысы» атты қазақ күресі додасы өтті. Техникалық мектеп-лицейі ұйымдастырған шараға қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Боз кілемде күш сынасқан балуандар 2 түрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Сондай-ақ, білім ордасының ауласында киіз үй құрылып, ұлттық ойындар ойнатылды.
РКС: Кілем үстіндегі әр белдесу жігер мен намыстың, ептілік пен парасаттың тартысына айналды. Қарсыласын алып ұруға ұмтылған әр балуанның қимылынан ұлттық спортқа деген құрмет пен шынайы ықылас сезілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АБЫЛАЙ ШӘМЕНОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Шараға 2 категориядан 70-ке дейін және 70-тен жоғары салмақта 30-ға жуық ұстаз қатысып отыр. Әр мектептен 1-2 ұстаздан қатысып отыр. Арамызда кәсіпқой, әуесқой деңгейде күресіп, қазақ күресін дамытып жүрген бапкерлер бар.
РКС: Бірі боз кілемде күш сынасса, бірі садақ атып мергендігін танытты. Ұлттық ойындарда білім ошақтарының мұғалімдері мен оқушылары ғана емес, Сарыарқа шағын ауданының барша тұрғыны шеберліктерін танытты. Жалпы ұлттық ойынның бірнеше түрі ұйымдастырылды.
СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Садақ ату, оқтау тарту, гир көтеру, арқан тарту, ләңгі ойыны№ мына жерде балаларымыз асық ату ойыны оқушыларымызға. Біздің тұрғындарымыз «Сұр мерген» деген ойын ойнап жатыр.тек қана бір асық, сол асықты атып шығару керек шеңберден.
РКС: Киіз үйдің керегесі кең жайылып, уығы көкке шаншылды. Төрде ілінген тұскиіз, жайылған сырмақ пен текемет өткеннің үнсіз сырын шертіп тұрғандай. Киелі шаңырақ астында қазақтың сан ғасырлық салт-дәстүрлері көрсетіліп, қайта жаңғыртылды. Бұл, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани мұра.
СНХ: КҮЛЖИЯН БАЙБАҚОВА, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мерекесі дегеннің өзі салт-дәстүр. Қазақтың салт-дәстүрі жастарға беретін нағыз негізгі құндылық, тәрбие. Бұл жерде адамдарды бір-біріне жақындастыру, татулық, бір-бірімізге деген сүйіспеншілік. Күн мен түніміз теңеліп, жеріміз оянып, күніміз нұрланатын күніміз-осы наурыз мейрамы.
РКС: Шәкірт санасына білім мен тәрбиенің шамшырағын жағып жүрген өнегелі ұстаздар бұл жолы ұлттық құндылықты дәріптеп оқушыларға ұлттық-ар намыс пен дәстүрге деген құрметті айқын көрсетті. Шара соңында топ жарған үздіктер жеңіс тұғырына көтеріліп, лайықты марапаттарға ие болды. Алайда, басты жеңіс ұстаздар арасындағы татулық пен бірлік.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ