ДИКТОР: Биыл білім мен руханияттың қарашаңырағына айналған - Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 80 жыл. Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген айтулы дата «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты салтанатты шарамен атап өтілді.

РКС: Кітапхана алаңында ерекше мерекелік көңіл-күй сезіледі. Мұнда «Мағжан шаңырағы» атты киіз үй тігіліп, келген қонақтар қазақы дәстүрдің ұлағатын сезініп, ұлттық құндлықтарға қанықты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазақ руханиятының алтын діңгегіне айналған облыстық кітапхана 1946 жылы құрылған. Бүгінде 300 мың данадан асатын кітапхана жылына 15 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Мерекелік шараға жиналған ел ағалары ақжарма тілектерін арнап, ақ батасын берді.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Шын мәнісінде осы елдің тұлғалары белгілі ғалымдар, әдебиетшілер, ақсақалдар сөз сөйледі. Өз сөзінде кітапқұмарлық, кітаптық адам өміріне , қоғамға пайдасы туралы айтылып жатыр. Ұлтық өнер көрсетіліп жатыр. Осының барлығы үлкен жақсылыққа бастайтын, жастарға игі әсері бар шара. Мереке құтты болсын.

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі және біздің Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 80 жылдығы екеуі тұспа-тұс келіп отыр. Сондықан әз-Наурызбен бастағанды жөн көрдік. Осы 80 жылдық тарихында Мағжан кітапханасының ұрпақ тәрбиесіндегі, қоғамды ізгілендіру жолында атқарған еңбегі ұланғайыр. Сондықтан бізде әртүрлі тақырыптағы кештер әдеби, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Ел ағалары, зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, батасын алып осы үгіт үйінді жасап отырмыз.

РКС: Жиналған жұрттың көңіл-күйі де шат-шадыман. Әр қонаққа зор ілтипат көрсетіліп, сый-құрмет жасалды. Қонақтар наурыз көжеден дәм татып, ыстық бауырсақтан ауыз тиіп, мерекелік шаттыққа бөленді. Сондай-ақ көпшілік назарына қазақтың қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылды.

СНХ: ҰЛЖАЛҒАС ҚАРЫМСАҚОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Қазақтың ұлттық дәстүрлі киімдерін, төрт түлік малдарының жасап, асық ойыншықтарын жасап, көрмеге қатысудамын. Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!

СНХ: ЖАНАТ ҚАЖЫБАЙ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ ОҚЫРМАН ЗАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұның барлығы жастарға үлгі-өнеге. Біздің ата-бабаларымыздың ұлттық мұрасы дәріптелу керек. Сол балаларға насихаттап жатқан жайымыз бар.

РКС: Мәні мен маңызы ерек шара табиғат жаңарып, молшылық артатын, Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекенің рухын терең сездіргендей. Келген жастар да ұлттық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Мерекелік шара әуезді әндермен жалғасты.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ