ДИКТОР: Ғасырлар қойнауынан жеткен үн мен бүгінгі заманның тынысы тоғысқан сәт. Киелі сахна төрінде ұлттық рухтың үніне айналған «Орда» тобының музыканттары және домбыраның қоңыр үні мен қобыздың терең сазына жан бітірген «Гәкку» би ансамблінің мың бұралған бишілері Наурыз мерекесіне орай ортақ концерт ұйымдастырды. Ұлттық өнерді өрлетіп жүрген өнерпаздарды көкшетаулық көрермен ыстық ықыласпен қарсы алды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Дәстүрлі музыканы ел арасында дәріптеп, ұлттық аспаптарды ұлықтап жүрген «Орда» фольклорлық тобы қазақтың ұлттық музыкасын ел ішінде ғана емес, өзгелерге танытып жүрген дарындар. Соның бірі, Айхат Қазихан. «Орда» тобындағы 15 аспаты игерген талант.
СНХ:АЙХАТ ҚАЗИХАН, «ОРДА» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ансамбльде 7-8 аспапты қолданамын. Оның ішінде домбыра, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, үрмелі аспаптар бар. Жалпы концертіміз жақсы өтті деген ойдамын. Халық ризашылығын білдіріп жатыр.
РКС: Ұлттық би ұлттың рухын әрі дәстүрін көрсететін терең өнер. Қазақтың дәстүрлі билері қимылдың мәні арқылы батырлықты, сүйіспеншілікті, ұлт мәдениетінің мәнін жеткізетін құрал. «Гәкку» би ансамбльі 2007-ші құрылып бүгінге дейін өнерімен әлемді тәнті етуде. Қазақтың ұлттық биін жандандырып, жаңа леппен көрерменнің назарына ұсынып жүрген дарын иелері.
СНХ: ГҮЛМИРА ОРДАБАЕВА, «ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің орындауымыз үлкен, сапалы билеріміз бар. Н.Тілендиевтің, Құрманғазының музыкасына және жас композиторлардың шығармаларына мен өзім би қоямын және біз кәсіби балетмейстерлерді шақырып репертуарымызды жыл сайын байытамыз. Келіп қалған наурыз мейрамы бәрімізге құтты болсын. Еліміз аман болсын. Барлық көрермендерге денсаулық тілеймін.
РКС:Көрермендер ұлттық өнердің сиқырлы әлеміне еніп, әр көріністен ерекше әсер алып, шексіз ризашылығын білдірді.
СНХ: МЕРЕЙ МӘКЕНОВА, КӨРЕРМЕН: Бүгінгі концерт өте керемет деңгейде өтті. барлық әртістер әдемі.
СНХ; НҰРГҮЛ ШӘЙКЕН, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Олар музыка әлемінің хас шеберлері. Сондықтан болар олар өз тыңдармандарын тауып, халықтың махаббатына бөленіп отыр. Олар өнер жолы ұзақ болатынына мен кәмел сенемін.
РКС: Ұлттық өнер халықтың жан дүниесінің айнасы, ғасырлар бойы сақталған мәдени мұра. Ал, мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің ең басты парызымыз.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ