ДИКТОР: Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Сапар аясында ол аудан орталығы - Макинск қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Сондай-ақ аймақтағы бірқатар өзекті мәселені талқылады.
РКС: Елімізде көлік инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жобалар қолға алынған. Мәселен, Қазақстан аумағында 124 теміржол вокзалы жаңғыртылатын болса, оның 16-сы Ақмола облысына тиесілі. Бүгінде 60 жылдық тарихы бар Макинск қаласындағы теміржол вокзалы осы бағдарлама аясында жаңғыртылды. Ұзақ жыл жөндеу көрмеген ғимаратта инженерлік желілер жаңартылып, вокзал аумағы абаттандырылды. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін нысан заманауи талаптарға сай жабдықталды.
ИНТЕРШУМ:
- В целом, вот вы сами видите когда последний капитальный ремонт был, за последние вот 30 с лишним лет плановые работы чтобы вот так вот по всему Казахстану ремонтировали вокзал такого не было. Сейчас руководство страны дало поручение, выделили финансирование 124 вокзала по всей республике. Из них 16 именно по вашей области. Было отстование по подрядчику, ну сейчас хорошо что темп набрали. И вот этот подход, который говорят, чтобы «Здесь и сейчас». Халық күтпейді ғой. Надо пытатся делать все быстро.
- Уже есть нарекания у жителей. В декабре уже готов был. Вокзал стоит давно.
- Вы первые, из этих 124 вокзалов, это первый вокзал здесь на территорий введен. Поэтому быстро, максимально, в короткие сроки ввести все остальные вокзалы, чтобы люди уже ощутили
РКС: Иә, вокзал былтыр ресми түрде ашылғанымен, іс жүзінде пайдалануға берілмеген. Оған кейбір құрылыс жұмыстарының аяқсыз қалғаны себеп. Бүгінде нысанда жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Жоспар бойынша мамыр айында халық игілігіне беріледі,- деп сендірді жоба жетекшісі.
СНХ: РУСЛАН ЖАЛМАҒАМБЕТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Қазір вокзал ғимаратына қатысты барлық құрылыс жұмысы толық аяқталды. Енді перронды қалпына келтіру, жаңғыртуға қатысты жұмыстар қолға алынады. Сараптама қорытындысы биыл шыққан соң, жобаның мерзімі ұзартылды. Қазір қосымша келісім-шарт жасалды. Оған сәйкес жоба мамырдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз.
РКС: Ал жолаушылар әзірге көрші орналасқан ғимаратты пайдалануға мәжбүр. Осы ретте аймақ басшысы Марат Ахметжанов бұл мәселеге ерекше тоқталып, әлеуметтік маңызы бар нысанды созбалаңға салмай, уақытылы аяқтауды тапсырды. Сапар барысында Бұланды ауданындағы су тасқынына дайындық мәселесі де қаралды. Бұл аудан - су басу қаупі жоғары аймақтардың бірі. Жыл сайын еріген қар суы аудан орталығына да қауіп төндіреді. Былтыр қала көшелерін су басып, халықты әбден әбігерге салған еді. Осы тәуекелдердің алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. Шаһар сыртында арнайы қорғаныс бөгеті салынды. Арық-арна жүйелері кеңейтілді. Қар шығару жұмыстары да күшейтілген.
СНХ: АЗАМАТ АЛДАБЕРГЕНОВ, МАКИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қаланың ішінен, көшелердің барлық бойынан 108 мың текше метр қар шығарылды. 22 шақырым арықтар тазартылды. Су өткізу құбырлардың саны 83-ке жетті. Қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 2025 жылы дайындық бойынша су өткізетін құбырды облыс бюджетінен қаржы бөлініп, 44 млн теңге бөлініп, жасап шықтық. Бұрын болған жоқ. Қазір 150 литр секундына су өткізіп жатыр. Су жиналмайды. Бұл су осы жерден өтіп, Қайрақты өзеніне барып құяды.
ИНТЕРШУМ: Осы жолы су келетін болса, жауап бересіздер. Сұрағандардың бәрін жасадық. Қаражат бердік. Қар шығаруға 3 есе қаражат көбейді. Шлюз дедіңдер, оған да қаражат бердік. Лотоктарын жасадық. Енді су кетсе, бұл сіздердің немқұрайлықтарын, басқару қабілеттеріңнің жоқтығын көрсетеді.
РКС: Дегенмен, мәселенің бір ұшы тұрғындардың жауапкершілігіне тіреледі. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов өз ауласын тазаламаған тұрғындар мен кәсіпкерлердің немқұрайлылығын сынға алып, ортақ іске бей-жай қарамауы тиіс екенін ескертті.
ИНТЕРШУМ: Марат Ахметжанов: Қожайынды шақырындарыш, мына қарды неге шығармайсыз? Мынау ериді ертең, өз аулаңызды тазалауға болады ғой. «Таза Қазақстан» дейміз. Административный штраф есть. Бүгін шығарыңыз, если сегодня не вывезут, составляй протокол.
СНХ: МҰРАТ РАКОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Қоғамдық кеңес жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр. Қазір шаһардағы арық жүйесінің шамамен 95 пайызы тазартылып, қауіп төндірген негізгі арықтар толық ретке келтірілді. Сонымен қатар, су өткізу құбырлар тазартылды. Дегенмен, кейбір учаскелерде мәселе әлі де өзекті. Бұл көбіне тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты. Өз ауласындағы арықтарды тазаламай, - қарды шығармайды. Бұл болса, жағдайды қиындатады. Олармен түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз. Қажет болса, тиісті көмек те көрсетіп жатырмыз.
РКС: Сапар аясында көлік министрі Көкшетау-Астана тас жолы бойындағы санитарлық нысандардың жай-күйін бағамдап, бұл мәселенің әлі де өзекті екенін атап өтті. Жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы заманауи талаптарға сай болуы тиіс және бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейту қажет,-деді министр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ