ДИКТОР: Новосельское ауылында футзалдан жыл сайынғы турнир өтті. Жарыс «Новосельское» серіктестігінің бұрынғы директоры Анатолий Шаколаны еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, ауданның спорттық дәстүрлерін қолдауға бағытталған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Екі күнге созылған турнирге облыстың түкпір-түкпірінен 25 команда жиналды. Анатолий Шакола тірі кезінде ауылды абаттандыруға белсенді үлес қосып, спорттық іс-шараларға демеушілік көрсеткен. Бұл жыл сайынғы кубокты өткізу оның аймақта спортты дамыту жолындағы еңбегінің жалғасы.

СНХ: ПАВЕЛ ШАКОЛА, «НОВОСЕЛЬСКОЕ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жыл сайын ұйымдастырылатын турниріміз осымен 5-ші рет өткізіліп жатыр. Алғашқы турнирге Атбасар ауданының 6 командасы қатысты. Жыл сайын қатысушылар саны артып, бүгінде 25 командаға жетті. Өңірде спортты дамыту мақсатында келесі жылы да осы турнирді өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Турнирге екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев пен футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов қатысты. Олар ауылдық жарыстар талантты жастарды анықтап, өңірлік спортты дамытуда маңызды роль атқаратынын айтады. Ашылу салтанатында ұйымдастырушылар қонақтарды ел спортының дамуына қосқан үлестері үшін медальдармен марапаттады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДАВИД ДЕГТЯРЕВ, ПАРАЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ: Турнирден алған әсерім өте жақсы. Футболды жақсы көремін, оны тамашалап, Ахмед досымның командасының жанкүйерімін. Бұл турнирді ұйымдастырған Ахмедтің еңбегін жоғары бағалаймын. Спорттың дамуы өте маңызды, өйткені ол балаларды жастайынан тәртіпке, мінезге, денсаулыққа тәрбиелейді. Сондықтан спорт әр адам үшін маңызды.

СНХ: ДӘУРЕН ТҰРСАҒҰЛОВ, ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Турнир жақсы деңгейде өтіп жатыр. Мен бұл жерде қонақ ретінде шақырылдым. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Шақырғандарына мен Алматыдан келіп тұрмын. Футзалдан турнир жақсы деңгейде өтіп жатыр. Командалар өте көп. Және де барлық командаларда тілектер көрініп тұр. Отауға женіске деген. Барлық командаларға сәттіқ тілеймін. Негізі біз де сол командалардың жіберісіп, осындай популяризацияға, барсың деп сол ауылдағы, лигалардағы осындай кішігірім турнирларға қолдап келіп отырамыз.

РКС: Анатолий Шаколаның ұлы да командалардың бірінің құрамында алаңға шықты. Ол үшін бұл турнирге қатысу әкесінің ауылдағы бұқаралық спортты дамыту ісінің жалғасы.

СНХ: АЛЕКСАНДР ШАКОЛА, «НОВОСЕЛЬСКОЕ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Бір ойын өткіздік. Туған ауылым үшін ойнап жүрмін. Алғашқы ойын тартысты өтті, қарсылас мықты болды. Жеңілсек те, алда әлі ойындар бар, жеңіске жетеміз деп үміттенемін. Турнирге келген барлық командаларға алғыс айтқым келеді. Тіпті жұмыс күні болса да келіп, бұл шараны қолдады.

РКС: Екі күндік ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар екі санатта анықталды. «Күміс кубогы» үшін бірінші орынды Петропавлдан келген «Байдалы» командасы иеленді. Екінші орын Қостанайдың «Юниор» командасына бұйырды. Ал үшінші орынды Бурабайдың «Самға» құрамасы алды. Негізгі жарыста Атбасар ауданының «Бастау» футбол клубы жеңіске жетті. Екінші орынды «Абылайхан», ал үшінші орынды «Тайынша» командалары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болды. Аталған турнир өңір үшін маңызды спорттық оқиға екені сөзсіз.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ