ДИКТОР: Наурызнама онкүндігі шеңберінде бүгін Ұлттық спорт түрлері күні атап өтілуде. Ат жарысы, бәйге, көкпар мен аударыспақ сынды қазақ халқының спорттық ойындары аз емес. Тәжірибелі жылқы өсірушілер ауыл шаруашылығының құрметті еңбеккерлері ғана емес, сондай-ақ ұлттық дәстүрді нағыз сақтаушыларына айналған. Қорғалжын ауданының тұрғыны Боранбек Тілеулесов дәл осындай азамат.
ШУМ:
РКС: «Ораз ауылы» шаруа қожалығының табыншысы Боранбек Тілеусов 56 жылын мал шаруашылығына арнады. Әкесінің ісін жалғастыра отырып, жылқы өсірумен жылдар бойы айналысыпкеледі. Ат спортының ұлттық түрлері бойынша аудандық жарыстардың тұрақты қатысушысы. Он жыл қатарынан «теңге ілу» сайысында бірінші орын алды. Аламан-байгеге қатысты. Ауданда ат спортын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Қазір шаруашылықты басқаруды балаларына тапсырып, өзі егін шаруашылығымен айналысады.
СНХ: БОРАНБЕК ТІЛЕУЛЕСОВ, «ОРАЗ АУЫЛЫ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛҚЫШЫСЫ: Жерлеріміз бар, алған. 2005-те алған жерді. Хозяйствоны сол 2003-те аштық. Содан бері сол мал шаруашылығына балалар тәрбиелеп, жұмыскерлер ұстаймыз. Бізге осы жұмыскер табыла қалмайды. Өзі бала-шаға, солармен ... Кемпірім бар, сиыр сауады.
РКС: Жылқы өсіру - бұл ұлттық дәстүр мен экономиканың тоғысында тұрған сала. Қазақтар үшін дәстүрлі шаруашылық. Боранбек Тілеулесовтың еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен, «Достық» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. 28 немере мен 2 шөберенің атасы, отбасында адал жұмыс пен ұлттық дәстүрлердің құндылықтарын сіңіруде.
СНХ: БОРАНБЕК ТІЛЕУЛЕСОВ, «ОРАЗ АУЫЛЫ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛҚЫШЫСЫ: Бұрыңғы кезде жастардың бәрі осы малға интерес боп, бағушы еді, келуші еді. Үлкен кісілердің балалары соны тәрбиелеп, сол 25-30 жақты балаларын тәрбиелеп, соның бәрін жылқышы боп жүргендер де бар ішінде кісілер. Сол үйрететін бізде қазіргі кезде жастар өз беттерімен келіпті, аса көп тыңдамайды енді. Бірақ сол үйретуге, тәрбиелеуге тырысамын.
РКС: Қорғалжын ауданында барлығы 18 мыңға жуық бас жылқы бар. Өңірдегі мал басының басым бөлігі жеке немесе фермер қожалықтарында.
СНХ: РАУШАН ЖАНАБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Өңірдегі жылқы саны 270 мыңнан асады. Ең көп мал басы Ерейментау, Целиноград аудандарында және Біржан сал ауданында. Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту елеулi дәрежеде мемлекеттiк қолдау көлемiне байланысты. 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін «Ауыл Аманаты» микронесие беру бағдарламасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, биыл 7 жылға дейін жылдық мөлшерлемесі 6 проценттен аспайтын ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды басын сатып алуға бағытталған «Игілік» жаңа несиелік бағдарламасы басталады. Бұдан басқа, мал шаруашылығы саласын субсидиялау жүргізілуде. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге бағытталған.
РКС: Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітті. Осы бағдарламаға сәйкес таяудағы бес жылда өңірдегі жылқы саны 135 мыңға артып, 385 мың басқа жетеді деп күтілуде. Жергілікті билік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бағдарламаларына қатысуға шақырады. Бұл өңірге мал шаруашылығы саласында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге, ішкі нарықты өніммен қамтамасыз етуге, тіпті экспортқа жеткізуді арттыруға мүмкіндік береді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТОЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.