ДИКТОР: Көктемнің шуақты мерекесі – Наурызды көкшетаулықтар ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Қаланың орталық алаңында ұйымдастырылған open-air форматындағы мерекелік шараға Көкше жастары мен қала қонақтары жиналып, ашық аспан астында ауқымды концерт өтті.

РКС: Мерекелік шарада ұлттық нақыш кеңінен көрініс тауып, сахнада түрлі жанрдағы өнер паш етілді. Жергілікті өнерпаздар заманауи әндерді орындап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, алаңда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды концерттер алдағы уақытта да жалғасын табады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ПЕРИЗАТ ПАЗЫЛ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастарға 22 наурыздың, яғни ұлттық мерекеміздің құндылығын түсіндіру, мән-маңызын ашып, айқындау. Сонымен қатар жастарға осы ашық аспан астындағы іс-шара өткізу арқылы олардың еркін демалуына мүмкіндік беру.

РКС: Әуелеген ән мен мың бұралған би кештің көркін қыздыра түсті. Мерекелік концертке жастар да, аға буын өкілдері де көптеп жиналып, алаңда ине шаншар орын болған жоқ. Көпшіліктің көтеріңкі көңіл-күйі шараның шырайын аша түсті. Жастар өздерінің әсерлерімен бөлісіп, ақжарма тілектерін арнады.

БЛИЦ:

- Менің ойымша бүгін өте жақсы күн, міне үлкен концерт өтіп жатыр. Өте көңілді барлық адамдар. Наурыз мейрамы барлығын біріктірді деп ойлаймын. Біз осындай концертке ылғи келеміз. Өткен жолы да келдік. Әрқашан келеміз қыздармен.

- Жалпы бүгін Көкшетаудың Наурызында бірінші рет болып тұрмын өзім. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғынымын. Мен осы жерге оқуға келгенмін, бірінші курс студентімін Мырзахметов атындағы университетте. Өте керемет, өте үлкен тұрғыда, улкен уровеньде болып жатыр. Бұл жастарға арналған коцерт, өте әдемі, өте ерекше. Себебі жастарға да көңіл бөлінген, үлкен кісілерге де көңіл бөлінген. Ең күшті, керемет уревеньде болып жатыр деген ойдамын. Маған өзіме қатты ұнады, көп көп рахмет. Өте керемет бәрі.

- Барлықтарыңызға зор денсаулық, шаттық, бақыт тілеймін. Наурыз мейрамы құтты болсын. Ұйымдастырушыларға концерттің өтіп жатқаны үшін алғысым шексіз. Осындай open air сияқты іс-шаралар мүмкін жетіспейтін шығар. Сондықтан алғысым шексіз. Осындай іс-шаралар көп болғаны жастардың шабытын ашады, қуантады.

- Про сегодняшний концерт можно сказать, что он мне очень понравился. Здесь очень красиво. Я очень рад, что наш город Кокшетау так развивается. Каждое мероприятие проходит очень красиво. В общем, я рад, что у нас такой красивый и большой город.

РКС: Шара соңында жастар арасында биден батл ұйымдастырылып, дискотека өтті. Думанды кеш қала тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ