ДИКТОР: Атбасар ауданындағы Жабай өзенінің арнасын тазарту жұмыстары толық аяқталуға жақын. Ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын өзен учаскесі 30 метрден 120 метрге дейін кеңейтіліп, түбі тереңдетілді. Соның нәтижесінде өзеннің су өткізу қабілеті үш есеге артты. Қазір ауданда су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде.
РКС: Ауданда су тасқыны кезеңіне дайындық былтыр басталған. Қорғаныс үйінділері салынып, арықтар мен су өткізу арналары тазартылды. Қосымша гидротехникалық құрылыстар орнатылды. Қар шығару жұмыстары мен еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар атқарылуда.
СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Негізінен алдын алу шараларына басымдық беріп отырмыз. Былтыр қыс, жаз және күз мезгілдерінде осы бағыттағы дайындық жұмыстары жүргізілді. Қосымша дамбалар салу және су өткізу құрылыстарын тұрғызу үшін 200 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, қар шығару жұмыстарына бөлінген қаржыландыру көлемі екі есеге артты. Бүгінде 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл шаралар еріген судың елді мекендерге кедергісіз өтуіне мүмкіндік беріп отыр.
РКС: Қазір елдімекендерді еріген және тасқын судан қорғау мақсатында жаңа дамба салынып жатыр. Сондай-ақ, бұл нысан еріген суды Қамысты және Ұзынкөл көлдеріне бағыттауға мүмкіндік береді.
СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Су басу қаупі бар 16 елді мекен анықталған. Былтыр осы ауылдарда қорғаныс дамбалары салынып, нығайтылды. Қосымша су өткізу құрылыстары да тұрғызылды. Биыл су Жыланды, Жабай, Қашқарқа, Балдырған және Есіл өзендері арқылы өтеді. Негізгі қауіп Қолутон бағытынан келеді, сол аумақта да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылғы жағдайды ескере отырып, биыл барлық шаралар күшейтілді.
РКС: Қауіптің алдын алу жұмыстарына облыстық аумақтық қорғаныс бригадасы да жұмылдырылған. Әскери қызметшілер инертті материалдармен толтырылған қаптарды дайындап, қорғаныс бекеттерін нығайтуға атсалысуда.
СНХ: ДИЛЯР ДАНИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫ ИНЖЕНЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: Қазіргі уақытта шамамен 20 адам жұмыс істеп жатыр. Күніне 2-3 мың қап дайындалады. Жалпы бір аптада 10 мыңға жуық қап әзірледік. Қазір Атбасар қаласы мен Есіл ауданында жұмыстар жалғасып жатыр.
РКС: Бұған қоса, «Атбасар-Сочинское» тасжолында жаңа көпір құрылысы аяқталып, су өткізу нысандары жөндеуден өткен. Су тасқынына дайындық шаралары 500-ге жуық тұрғыны бар Ескі Қалқұтан ауылында да қарқын алған. Қалқұтан өзенінде мердігерлер жағалауды нығайтып, арнаны тереңдетіп жатыр. Елді мекенде қаптар дайындалып, арнайы техника арқылы қар шығарылуда.
СНХ: ГАЛИНА ПИДЯШОВА, ЕСКІ ҚАЛҚҰТАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Биыл өте көп жұмыс атқарылып жатыр. Барлық көшелер тазартылды. Қар шығарылып жатыр. Күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Өз көзімізбен көріп жүрміз. Мен асханаға жақын маңда тұрамын. Олар жұмысшыларға тамақ тасып жүр, себебі техника тоқтамай жұмыс істеп жатыр.
РКС: Былтыр Қалқұтан өзені арнасынан асып, ауыл көлік қатынасынан оқшауланған еді. Биыл бұл жағдай ерекше бақылауға алынған.
СНХ: ЖАНАТХАН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ, ЕСКІ ҚАЛҚҰТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қауіп бес ауданнан келеді. Бұл Сандықтау ауданы, Жаркаин су келеді. Бұрабай ауданы келеді, Бұландвы ауданы келеді, Ақкөл ауданы, Шортанды ауданы. Осы бес ауданнан су келеді де, жаңағы Қазақстан жолы, мостынан өтеді, оның 450 метр өтетін көпірі. Сол көпірден өткенен кейін ауылға жайылады. Сол су тасқынының алдын алу жағдайларының жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы 2026 жылы ақпан айының екісі күнінен бастап, Көкшетау гидроизоляция. Бадратшытар келеді. Өзенде халықтан өзеннің кеңейту, және тереңдету жұмыстар жүргізіліп жатыр.
РКС: Жалпы, Астрахан ауданында су тасқыны кезеңіне 175 адам жұмылдырылады. Ауданда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 9 қабылдау пункті ұйымдастырылған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ