ДИКТОР: Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын болдырмау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Су басу қаупі жоғары аудандарда өзен арналары кеңейтіліп, бөгеттер нығайтылып, инертті материалдар қоры дайындалуда. Күні кеше облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласы маңындағы бірқатар нысанды аралап, су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен танысты.
РКС: Аймақ басшысы Шағалалы қоймасындағы судың деңгейімен танысты. Қазір нысан 56 процентке толған. Еріген су 23-ші наурыздан бастап келе бастады. Бүгінде 2 миллион 600 мың текше метрден астам су келді.
СНХ: АРМАН УӘЛИЕВ, ШАҒАЛАЛЫ СУ ҚОЙМАСЫ УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Оның 550 мыңы төменге жіберілді. Ал 1 миллион 900 куб суы қазір су қоймасында жиналып тұр. Қазіргі жағдайда суы төменге жіберіліп жатыр. Сағатына 10 метр куб секундына су келіп жатыр. 10 метр куб секундына төменге жіберіп жатырмыз. Былайша айтқанда қар көп емес далада. Шамалы. Жылдағындай қар жоқ, ақырын еріп келе жатыр.
РКС: Бұдан бөлек аймақ басшысы Садовое елді мекені мен Красный Яр ауылына барып, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты. Мұнда қажетті материалдар мен техника қоры жеткілікті деңгейде жасақталған. 900 метрден астам су өткізу арнасы тазартылып, 1 900 текше метр инертті материал мен қап қоры дайындалды.
СНХ: СЕРІКЖАН МАҚЫШ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қыс мезгілі кезінде 35 мың текше метр қар шығарылды. Жоспар бойынша 14 мың 480 текше метр қар шығару жоспарланған болатын. Бұдан басқа Шағалалы өзенінің арнасын кеңейту, тереңдету жұмыстарын жүргіздік. Құм топырақты су басу қауіпі бар аумағы Зерендинский электросетьтің аумағына қорғаныс бөгетін салдық. Ұзындығы 300 метр. Биіктігі 2 метрді құрайды. Негізгі жобалардың бірі – тұрғын үйлерді су басып, көшелерді су басатын осы жылға дейін Желтоқсан көшесіне су өткізу арығын салдық.
РКС: Облыс әкімі Красный Яр ауылында су тасқынының алдын алудағы атқарылған жұмысты тексеріп, жергілікті атқарушы органдардың ісіне оң баға берді.
ИНТЕРШУМ:
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жақсы. Биыл енді жасалған жұмыстар көрініп тұр ғой. Нәтижесін беріп жатыр. Өте дұрыс. Енді бақылауда ұстап отырыңыздар. Мұз жоқ екен. Біраз жұмыс жасалды, нәтижесі бар.
СНХ: ГҮЛСАРА ҚОҢЫРОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өткен жылмен салыстыруға келмейді. Біз тіпті аялдамаға жету үшін сол көше арқылы айналып өтетінбіз. Себебі бұндағы бәрі суға толы болатын. Қазір тамаша. Су кеуіп кетті, өте қуаныштымыз. Көп рахмет. Осы уақыт ішінде бірінші рет арықтар салынды, керемет болды. Су ағып, кетіп жатыр.
РКС: Марат Ахметжанов су деңгейін мұқият бақылауды күшейтуді, жауапты қызметтердің кезекшілігін тұрақты түрде қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге кез келген төтенше жағдайға жылдам әрекет ету үшін алдын ала дайындық шараларын толық жүргізу қажеттігін тағы да ескертті. Қажетті техника мен ресурстармен тиісті деңгейдле қамтамасыз етудің де маңыздылығына да тоқталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ