ДИКТОР: Сандықтау ауданында дәстүрге айналған «Ақ марафон» шаңғы жарысы өз мәресіне жетті. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның маңдайалды шаңғышыларының бірі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Сахнов арнайы қатысты.
РКС: Шаңғы жарыстарына 300-ден астам спортшы қатысты. Бұл спорттық шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ Қарағанды, Үржар, Астана, Семей, Степногорск және Щучинск қалаларынан шаңғы спортының әуесқойлары мен белсенділері жиналды.
СНХ: АЛЕКСАНДР БАТЯЙКИН, ШАҢҒЫ ЖАРЫСТАРЫ БОЙЫНША ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Біз «Ақ марафонды» осымен 43-ші рет өткізіп отырмыз. Соңғы 10-12 жыл бойы оны аңызға айналған шаңғышымыз Владимир Сахновтың бастамасымен ұйымдастырып келеміз. Осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша жандарға алғысымды білдіргім келеді. Бұл жарыс бүгінде еліміздің аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылатын жалғыз марафон. Біз бұл жарысты шаңғы спортының дамуына серпін беру, жас ұрпаққа оның маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық дәстүрлеріміз бен жетістіктерімізді насихаттау мақсатында өткіземіз.
СНХ: МАТФЕЙ КУРСОВ, СПОРТШЫ: Мен Щучинск қаласынан келдім. Бұл марафонға алғаш рет қатысып отырмын. Маған мұндағының бәрі ұнайды. Атмосферасы керемет. Бірнеше адамның жүгіріп өткенін көрдім. Айтарым, маған қорқынышты емес, керісінше өте көңілді.
РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы медальдармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен бірге ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.