ДИКТОР: Облыстық көпсалалы ауруханасында гематология мен ревматология бөлімшелері ашылды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова аймақтың бас дәрігері Нариман Ермек жаңа бөлімшелердің жұмысымен танысты.

РКС: Бұған дейін бұл бөлімшелер біріктіктірілген жүйеде жұмыс істеген еді. Ол өз кезегінде науқастарды емдеуде бірқатар қиындық туғызды. Енді әрқайсысы 15 стационарлық және күндізгі емделуге арналған 3 төсек орынға шақталған. Ревматология бөлімшесінде буын аурулары мен жүйелік аутоиммунды патологиялар және ревматоидты артриттен бастап жүйелі қызыл жегі мен васкулиттерге дейін анықталып, емделмек.

СНХ: МАРИНА ӘЛЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ РЕВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Өңірде ревматологиялық сырқатқа шалдыққан 16 мың науқас диспансерлік есепте тұр. Ал сүйек-бұлшық ет жүйесі аурулары бойынша есепте тұрғандар саны шамамен 35 мыңға жетеді. Бұл өте көп. Сондықтан, мұндай науқастарды ерекше тәсілмен емдеп, жіті бақылауда ұстау маңызды.

СНХ: АЛТЫНГҮЛ МАМРИНА, ЕМ АЛУШЫ: Мен осы ревматология бөлімінде он төртінші жылдан ем аламын, бірақ та бір кездерде осы ревматология бөлімін жауып. Басқа гематология отделениясын ашып тастағанда бізге өте қиын болды. Ем алатын жеріміз болмай, енді міне бүгін ревматология бөлімі ашылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. +скл+Медицинаға және осында істейтін барлық медсестра қыздарға бәріне көп рахмет айтамыз

РКС: Гематология бөлімшесі онкология орталығының базасында құрылып отыр. Бұл аймақтағы алғашқы және жалғыз бейінді құрылым. Дәл осы жерде жүйелі қан дертіне шалдыққан сырқаттарға мамандандырылған көмектің толық көлемі көрсетіледі.

СНХ: АНАР АТАМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Қазір бізде 14 пациент бар тіркеуде. Олардың бәрі химия терапияның курсын алып жатыр. Онкологиялық қан дертіне шалдыққандары бар. Пациенттер ұзақ уақыттан бері ем алыып жатыр. Сырқаттың ремиссиясы байқалады.

РКС: Бұдан бөлек, гематология және ревматология бөлімшелерінің меңгерушілері облыстың шаттан тыс бас мамандарының қызметін атқарады. Бейінді қызметтердің жұмысын үйлестіріп, емдеудің заманауин стандарттарын енгізеді және медициналық көмек көрсетудің сапасын бақылайды. Дәрігерлер мұның бәрі мамандандырылған көмек көрсетуді барынша сапалы деңгейге көтеруге шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ