ДИКТОР: Жарқайың ауданында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар жоспары бекітіліп, арнайы жедел штаб құрылды. Азаматтық қорғау қызметтері де жоғары дайындыққа көшті. Қазіргі жауапты тұлғалар жасақталып, кезекшілік кестесі бекітілді.

РКС: Есіл өзенінде мұз жару жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Нәтижесінде жалпы көлемі 2,5 мың шаршы метр аумақта мұз жамылғысы ұсақталды. Сонымен қатар, Пригородное елдімекенінде ұзындығы 3 шақырымды құрайтын құм салынған қаптардан қорғаныс бөгеті салынды. Аталған шараларға Ақкөл ауданы төтенше жағдайлар қызметінің іскерилері жұмылдырылды. Осылайша олар құм салынған 4 мыңнан астам қап дайындады. Жалпы аудан бойынша құм толтырылған осындай 33 мың қап қоры бар.

СНХ: АСХАТ ҚАПАЛБЕКОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ 55219 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Төтенше жағдайлар министрлігінің 55219 әскери бөлімінен 24-ші наурыз 2026-шы жылы Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Пригородное ауылына 20 әскери қызметші көмекке келдік. Қазіргі таңда су алудың алдын алу мақсатында дамбыларды күшейту жұмыстарының алдын алу үшін қазір қаптарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаптар дайындалып болғаннан кейін дамбыларды күшейту жұмысына кірісеміз.

РКС: Су тасқынының алдын алу жұмыстарына коммуналдық қызметтерден бөлек, жергілікті кәсіпкерлер де тартылды. Негізгі күш құм бөгеттерін нығайтуға бағытталған. Аудан әкімшілігі құм салынған қосымша 20 мың қап сатып алды. Сондай-ақ аумақта қар шығару жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері ауданның елдімекендерінен 33 мың текше қар сыртқа шығарылды.

СНХ: ЖАНАТ МЫҢБАЕВ, ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтырдан бері С-100 маркалы тракторымен жер үйіндісін нығайту және оны биіктету жұмыстары жүргізілді. Биыл да демеушілік қаражатының есебінен 2 экскаватор тартылып, Есіл өзенінен келетін тасқын сулардың алдын алу мақсатында жер қорғаныс үйіндісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда.

РКС Су тасқынының алдын алу және жағдайды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында ауданда жедел штаб құрылды. Төтенше жағдай орын ала қалса, 50 адамнан құралған жедел әрекет ету жасағы дереу іске кіріседі. Қазір арнайы 24 техника, 16 мотопомпа және моторлы қайық та толық дайын. Барлық күш пен құрал су тасқыны жағдайының кез келген өзгерісіне жедел әрекет ету үшін бөлінген.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ