ДИКТОР: Көкшетаудағы құрылыс технологиялық колледжінің қабырғасында тұңғыш рет студенттер олимпиадасы өтті. Оған өңірдің 25 колледжінен 8 пән бойынша 200-ден астам студент қатысып, бағын сынады. Бүгін жеңімпаздар марапатталып, арнайы сертификаттарға ие болды.
РКС: Техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру орындарының студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша ұйымдастырылғанолимпиада екі күнге созылды. Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінің басшылығы қатысушыларға барлық жағдайды жасады.
СНХ: ЕРЛАН БЕГАЙДАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл алғаш рет біздің колледжде олимпиада өтті. 25 колледж қатысты. біз колледжімізде балаларды қарсы алуға дайындық жасадық, жатақхана мен тамақтануды да ұйымдастырдық.
РКС: Биылғы олимпиада өңірдегі колледждердің бірінші және екінші курс студенттері арасында өтті. Алдымен өз білім ошақтарында іріктеліп, содан кейін облыстық олимпиадаға жолдама алды. Олар өз білімдерін шыңдап қана қоймай, тереңдетілген тест сұрақтарына да жауап берді.
СНХ: ИВАН КЛЕВЦОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: (БУРАБАЙ АУДАНЫ): Олимпиадаға дайындалғаным жаман болған жоқ. Мәтін бойынша жұмыс болды.сұрақтар қиын емс,екінші тур тестпен жұмыс,ауыр болған жоқ. Нәтижесін көреміз.
СНХ: ДАМИР ҚАЖЫМҰРАТ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі олимпиадада қазақстан тарихы пәнінен қатыстым. Пайдасы зор.қазақ болғаннан кейін қазақстан тарихын білуім қажет.
ТОЛЬКО ДЛЯ РУСС. МИЛАНА ЗАРИПОВА, СТУДЕНТКА КОКШЕТАУСКОГО ВЫСШЕГО ТЕХНИЧЕСКОГО КОЛЛЕДЖА: Первый тур был простым, задания легкие, второй тур посложнее, вопросов больше, высшая математика.
РКС: Олимпиаданың шартына сәйкес қазылар алқасы мүшелігінде әр пән бойынша мектеп мұғалімдері төрелік етті. Олар жетік білетін бағыттарына қатысты өз бағасын берді.
СНХ: ҚАЛИМА ШЕҢГЕЛБАЕВА, №9 ОРТА МЕКТЕБІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Біздің қазақ тілі пәні бойынша 21 оқушы қатысуға өтінім жасаған екен, студенттердің деңгейі жалпы жаман емес, кәсіптік бағдар бойынша даындалатын болғандықтан, қазақ әдебиетіне қарағанда қазақ тілінен білімдері жақсы
СНХ ДЛЯ РУСС: АЛЕКСАНДР СЕМКИН, ДОСОВ АТЫНДАҒЫ БУРАБАЙ ОРТА МЕКТЕБІ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Студенты показали хорошие знания, конечно есть над чем работать, совершенствовать свои знания.
РКС:Білім сайысының нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған студенттердің бәріне арнайы сертификаттар табыс етілді. Алдағы уақытта да осындай олимпиадалар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ