ДИКТОР: Ақмола облысының автожолдарында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Су шайып кету қаупі бар учаскелерде жол қызметкерлері суағарлар жасап, қорғаныш біліктерін орнатты. Бұл жұмыстарға арнайы 500 техника жұмылдырылды. Толығырақ тілші баяндасын.

РКС. Көктемгі су тасқынына жол қызметкерлері жақсы дайындалды. Осы күнге дейін олар 1250 -ден астам су өткізгіш құбырларды тазартты. Оның 100-ден астамы ағын суды кедергісіз жүргізіп жатыр. Республикалық жолдардағы 34 учаскені су басу қаупі бар. Мысалы, «Көкшетау-Атбасар» автотрассасында инертті материалдардан қорғаныш біліктері орнатылып, кезекшілік ұйымдастырылды.

СНХ: ҚУАНДЫҚ БАЙБАРЫСОВ, «ҚАЖСЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ 3-ШІ ЖОЛ-ПАЙДАЛАНУ УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Тасқынға қарсы тоқсауылдар орнату жұмыстары үнемі жүргізіліп жатыр. Аталған учаскеде су өткізгіш құбырлар толық тазартылды. Қиыршық тас, сүзгі, құм сияқты инертті материалдармен де толық қамтылған. Қазірсу шайып кету қаупі жоқ.

РКС: Республикалық автожолдар филиалы операторының мәлімдеуінше, қазір тасқын жолдарды шайып кетпеуі үшін барлық шаралар қолға алынған. Ағын сумен күресу үшін 9 мың шаршы метр құмдытас қоспасы, 7 мың шаршы метр қиыршық тас және 50 мың қап дайындалды.Қауіпті учаскелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

СНХ: ХАМЗАТ СҰЛТАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз қазір «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолындамыз. Аталған учаскеде ұзындығы 800 метрлік қорғаныш біліктері орнатылды. Дабыл бағандары қойылып, 660 шаршы метр интертті материал себіліп, 500 дана шағын қапшықтар дайындалды. Бұл жұмыстарға 6 бірлік арнайы техника мен 18 жол қызметкері тартылды.

РКС: Атбасар мен Жақсы аудандары арасындағы Перекатное селосы ерекше бақылауға алынған. Су шайып кетпеу үшін бұл жерге де тосқауылдар қойылды.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ