ДИКТОР: Киелі Көкше жерінде тағы бір ерекше кеш өтті. «Жақсылығын Көкшенің жайдым елге» атты бұл шара – Әлем халықтары Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ақын әрі жазушы-журналист Байқал Байәділдің зейнетке шығуына арналған.
РКС: Байқал Қайырлыұлы Байәділов – қалам қуатын халық мүддесіне арнаған, азаматтық ұстанымымен ерекшеленген, сөзі мәйекті, ойы өрнекті азамат, қарымды қаламгер. Алғашқы еңбек жолын бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде аудармашы, аға тілші ретінде бастайды. Одан соң тележурналистика саласына ден қояды. Алғашқы кездері облыстық телеарнада шолушы болып қызмет атқарды, кейін Ақмола облыстық телерадиокомпаниясында төрағаның орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Одан соң «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ақмола облыстық филиалының директоры болды.
СНХ: КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ: Байқал Қайырлыұлы біздің ізбасар ініміз, өмірін журналистика саласына арнаған майталман маман, даңғайыр журналист. Жастайынан поэзияға көңілі ауып, бастауыш сыныпта оқып жүргенде тақпақ жаттауға жүйріктігімен, одан кейін ептеп өлең шығаруымен көзге түскеннен кейін «Көкшетау правдасы» газетіне мақала, хабар-ошар жазып, Қорғанбек Аманжол деген көрнекті ағамыз бар, Көкшетаудың тумасы. Соның назарына ілігіп, журналистік жолын бастаған, сол кісіні өмір бойы ұстазым деп есептеп, құрметтеп келеді. Өмірді жай тілшіліктен бастап, қызметін Телекомпанияның директорлығына дейін, еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып жемісті, өнімді қызмет атқарып, елдің абыройына бөленіп келеді.
РКС: Кеш барысында Байқал Байәділге арналған арнау орындап, Қорғанбек Аманжолдың «Байқалдың байтағы», Кәрібай Мұсырманның «Көкшенің көп тауының бірі – өзің ғой», Тортай Сәдуақастың «Елі үшін туған елгезек» өлеңдерінен құралған қойылым қойылып, қаламгер тұлғасы сахналық көрініс арқылы жеткізілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кештің тағы бір ерекше сәті – еліміздің бас газеті, республикалық «Егемен Қазақстан» газеті тілшілерінің қатысуымен өтті. Ұзақ жыл қаламгермен қатар еңбек еткен әріптестері кеш иесіне жылы лебіздерін білдірді.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «EGEMEN QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ: Байқал аға нағыз осы қари дана, орындап жүрген адам, өзінің таланттылығы, жан-жақты қыры, ақындығы, қаламгерлігі бір бөлек. Өте еңбекқорлығы, журналистикадағы жеделдігі, сол өте өткір жазатынын біз артынан еріп келе жатқан інілері құрмет тұтамыз, өнеге тұтамыз, үлгі алып. Сол кісіден үйренуге, жаңа қырынан бізде жаңалық ашуға талпынып келеміз.
СНХ: НҰРҚАНАТ ҚҰЛАБАЙ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «EGEMEN QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ: Ол кісінің тек қана журналистік емес, журналистика мен жазушылықты бір, көркемдікті бір синкретті, керемет ұсына алатын табиғи таланты. +скл+Байқал ағаны мына Көкше журналистикасының көкжалы десе болады. Қаншама еңбек сіңірді, тойдың тақырыбы да бүгінгі мынау Көкшенің жақсылығын жалпы жұртқа жария еттім деп, осы жақсылықтың жаршысы болып жүр. Ағамыз әлі аттан түспейді. Әлді де шығармашылық табыстар тілейміз, әлі ле қызметі жана берсін, еңбегі елге сіңіре берсін, осындай Көкшенің көкжалдары көп болсын, осындай тойдан айырмасын.
РКС: Кеш барысында автордың жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Қаламгердің тың туындысы көпшілікке таныстырылып, шығармашылық жетістігі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ «Қазақ газеттері» серіктестігі бас директорының атынан Алғыс хат табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ