ДИКТОР: Соңғы жылдары Ақмола облысында дзюдо спорты қарқынды дамып, танымалдығы айтарлықтай артып келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде олимпиадалық спорттың бұл түрімен 200-ден астам бала айналысады. Солардың бірі - Бүркітбай Шорман. Ол наурыздың 27-сі дзюдодан Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 42 келі салмақта өнер көрсетіп, жүлдегер атанды. Қанжығасына жүлделі орынды майлаған спортшыны Көкшетауда ата-анасы, достары мен спорт жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бүркітбай Шорманның жасы 13-те. Алғашқы жаттығуға Бүркітбайды ағасы 9 жасында алып келген. Содан бері ол көптеген жарысқа қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр. Балғын спортшы болашақта әлем чемпионы болуды армандайды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БҮРКІТБАЙ ШОРМАН, ДЗЮДОШЫ: Ағайларыма рахмет айтамын! Осымен тоқтамаймыз. Еуропа, Азия барлығына дайындалып, осы Көкшетаудың атын шығаруға уәде беремін. Жарыс жақсы өтті. Алты белдесу істедім. Алты белдесуде де оңай болған жоқ.

РКС: Бүркітбайдың жаттықтырушысы Ардақ Мәдимұхаметтың арманы асқақ. Ол өз шәкірттерін Олимп шыңынан көргісі келетінін жасырмайды.

СНХ: АРДАҚ МӘДИМҰХАМЕТ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Қуаныштымыз! Бізде Көкшетауда қазір қатты дамып жатыр дзюдо күресі. Осымен біз енді тоқтамаймыз. Алда көп белестер бар. Соның барлығын бағындырамыз. Бәрі жақсы болса, Олимпиадаға дейін жетеміз.

РКС: Жалпы, биылдан бастап дзюдо спорты "Келешек" мектептерінде үйірме ретінде енгізіліп жатыр. Бұл олимпиадалық жекпе-жек өнері елімізде кең көлемде насихатталып келеді.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ