ДИКТОР: Аймақта экология мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. «Қалдықсыз әлем» бастамасы аясында табиғатты қорғауға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі – экологиялық мониторингті дрондар арқылы жүзеге асыру.
РКС: Бүгінде 11 ауданның елдімекендерінде 19 дрон орнатылған. Соның арқасында мамандар заманауи технологиялардың көмегімен ауыл-аймақтардың аумағын әуеден бақылап, заңсыз қоқыс орындарын анықтауға және экологиялық жалпы жағдайды қадағалауға қол жеткізіп отыр. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның ластануын дер кезінде анықтап, жедел шара қолдануға мүмкіндік береді.
СНХ: АСЫЛБЕК БАЙБОРАНОВ, «SMART AQMOLA INTITUTION» МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде бірыңғай байланыс орталығы бар, сол бірыңғай байланыс орталығы 109 Айкөмек, өтініш түседі, мысалы мусор бойынша иә, қоқыс бойынша. Сол қоқыстар бойынша біз дронды жібереміз, дрон айромониторинг жасайды, көреміз. Егер де мусор болса, мусор толып тұрса, крупноговоритный мусор бар, соған біз өтінішті аламыз. Барлық ақпаратты жинаймыз да, местный исполнительный органға жібереміз.
РКС: Былтыр ғарыштық мониторинг нәтижесінде 458 заңсыз қоқыс орны анықталған. Олардың 92 проценті жойылды. Талаптарды орындамаған бірқатар лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта да ғарыштық бақылау жалғасып, экологиялық заңнаманың сақталуы қатаң бақылауда болады.
СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Аталған қоқыс орындарының координаталарын көрсете отырып, жергілікті атқарушы органдарға хат жолданды. Соның негізінде Ақмола облысының аудан әкімділіктері, қала әкімділіктерінің жұмыс істеуінің арқасында 409 заңсыз қоқыс орны жойылды. Ақмола облысы бойынша экология департамент атынан аталған шараны тиісті деңгейде атқармағаны үшін 23 лауазымды тұлға жауап кершілікке тартылып, 780 мың тг көлемінде айыппұл салынды. 2026 жылы аталған жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.
РКС: Мамандардың айтуынша, өңірде экология мәселесі басты назарда. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, табиғатты қорғауға арналған түрлі бастамалар мен іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Негізгі мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ