ДИКТОР: Көкшетауда футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты бірінші лигасының кезекті тартысты кездесуі өтті. Көкшетаулық «Elim-Ai» командасы Қызылорда құрамасын қабылдап, сенімді жеңіске жетті. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндасын.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Төрт күнге созылатын ел чемпионатының 4-ші кезеңінде 8 команда қатысып жатыр. Көкшетаулық «Elim-Ai» командасы бірінші ойынын Қызылорданың командасымен өткізді. Матч тартысты әрі қызықты өтті.

СНХ: АҚНИЕТ АМАНТАЕВ, «ELIM-AI» КОМАНДАСЫНЫҢ ӘКІМГЕРІ: Көкшеде бүгін той басталды десек те болады. Себебі профессионалды футзал оралды. Қазіргі таңда Қазақстанның бірінші лигасы өтуде. 4 кезең. Соңғы ойындардың бірі осы қалада өтіледі. Одан кейін бірден төртке дейінгі командалар төрттік финал Астана қаласында өтеді. Көкшетаулықтар бұл кезеңге жақсы дайындықпен келді. Өзімізде, үйде өтіп жатқасын бұл кезеңде жақсы нәтижемен көзге түсеміз деген ойдамыз.

РКС: Матч барысында қос команда да тең ойын көрсетті. Алайда бірінші кезеңнің төртінші минутында көкшетаулықтар пенальти жасап, есеп ашты. Үзілістен кейін «Елім-ай» ойынды өз қолына алып, шабуылды үдете түсті. Соның нәтижесінде көкшетаулық ұжым қарсылас қақпасына бес гол соғып, айқын басымдық танытты. Қызылордалықтар екі мәрте жауап қайтарғанымен, ойын нәтижесін өзгерте алмады.

СНХ: СЕРІКЖАН ТӘЙКЕНОВ, «ELIM-AI» КОМАНДАСЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ: Көкшетау қаласы, бүгінгі күннен жеңіс күтеміз, Көкшетау қаласында бірінші рет болайын деп жатқан жағдай, тарихи сәт деп айтуға да болады. Бұл тур 4 кезеңнен тұрады. Ең бірінші тур Қызылорда қаласында болды. 2 ші тур Тараз қаласында болды, 3 тур Хромтау қаласында болды. 4 тур міне Көкшетау қаласында алғаш рет болайын деп жатыр. Осыдан кейін алдымызда әлі 3 ойын бар. Жалпы чемпионат өте жақсы, Көкшетау жерінде болғаннан кейін өте белсенді. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚОСМҰХАМБЕТОВ, ҚР ФУТЗАЛ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Жаңадан құрылған командаға өте қуаныштымыз. Бұған дейін Премьер-лигада өнер көрсеткен «Оқжетпес» командасы болған. Қазір облыс басшылығының, меценаттар мен демеушілердің қолдауымен «Elim-Ai» командасы құрылды. Жалпы, Қазақстанда футзал өте жоғары деңгейде дамыған. Көптеген командалар кәсіби деңгейде де, әуесқой деңгейде де бақ сынап жүр. Футзалымыз Еуропада УЕФА рейтингі бойынша төртінші орында, ал әлемде ФИФА рейтингі бойынша сегізінші орында тұр.

РКС: Қорытынды есеп — 5:2. Осылайша «Elim-Ai» маңызды үш ұпайға ие болып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты. Келесі ойындарды жерлестеріміз Атыраулық «Мақат», Оралдың «Бәйтерек-Жас» және Тараздан келген «Тараз-Омега» командаларымен өткізбек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ