ДИКТОР: Қазақстанда балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартты. Бұл норма қазақстан республикасының білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Жаңа жүйе ата-аналарға балалары үшін балабақшаны өздері таңдап қана қоймай, кезекке тұру рәсімін де айтарлықтай жеңілдетеді.

РКС: Ваучерлік механизмді енгізу арқылы 2-6 жас аралығындағы балалардың балабақшалардағы кезегі айтарлықтай қысқарды. Облыстық білім басқармасы хабарлағандай, мемлекеттік жоба тек тәртіпті жеңілдетіп қана қоймай, заңсыз әрекеттерді жояды және балабақшаларда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта өңірде 595 балабақша жұмыс істеп тұр, онда 38 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.

СНХ: АНДРЕЙ МАЙБАХ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2025 жылғы мамырда Қосшы қаласында балабақша білімін ваучерлік қаржыландыруға көшіру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қалада 40 жеке және 2 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. Қазіргі уақытта облыс бойынша 20 аудан ваучерлік қаржыландыру механизміне көшірілді. 2–6 жас аралығындағы балалардың балабақша білімін алу көрсеткіші 97,2%-ға жетті.

РКС: Басқармада атап өткендей, бұл модель мемлекеттік және жеке балабақшалар арасында салауатты бәсекелестікті қалыптастырады және «ақша балаға ілеседі» принципі бойынша жұмыс істейді.

СНХ: АНДРЕЙ МАЙБАХ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Егер бала бір балабақшаға қатысса, оған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қаржыландыру сол балабақшада жүргізіледі. Егер бала бұрынғы балабақшадан шығып, басқа балабақшаға көшсе, онда бұрынғы балабақшадағы мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру тоқтап, жаңа балабақшада жүргізіледі.

РКС: Айта кетейік, жаңа механизм бойынша ата-аналар баланы электрондық кезекке aqmola.kz порталы арқылы тіркеп, балабақшадағы орынды төлеуге арналған ваучер алады. Қазіргі уақытта пилоттық жоба елдің 20 қаласы мен 23 ауданында жүзеге асырылып жатыр.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ