ДИКТОР: Қазақстанда жыл сайын жатыр обыры ауруынан 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Ақмола облысында шамамен жыл сайын 30-50 әйел осы аурудан көз жұмады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бұл дерт әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар арасында екінші орында тұр. Жыл сайын елімізде 1800 әйелге осындай диагноз қойылады. Папиллома вирусынан қорғайтын бір ғана тәсіл –вакцина алу,-дейді дәрігерлер. Осы дерттен толықтай қорғайтын ең сенімді тәсіл туралы тілшіміз баяндасын.
РКС: Көкшетаудағы емханаларда қатерлі ісікке шалдығу қаупін тудыратын папиллома вирусына қарсы екпе мамыр айының ортасынан бері егіліп жатыр. Осы кезге дейін 15 жасөспірімге салынды. Олар 14 пен 17 жас аралығындағы қыз балалар. Басты мақсат жатыр обырының алдын алу. Елімізде бұл екпе Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген және ата-аналардың келісімімен толығымен тегін салынады.
СНХ: ӘМИНА ӘУБӘКІРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ПРОЦЕДУРА МЕДБИКЕСІ: Бұл вакцина американдық, атауы гордосил. 11 жастан бастап қыздарға егіп келген едік, биыл мамыр айынан 14 жастан 17 жасқа дейінгі қыздарға еге бастадық. Бір рет екпе алғаннан кейін жарты жылдан соң екіншісін алады. Вакинадан кейін адам ағзасында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, қызуы көтерілмейді. Тек иненің орны ғана ауыруы мүмкін.
СНХ: ЖАЗИРА ЖАМАЛИЕВА, СТУДЕНТ: Жақын уақытта папиллома вирусы жайлы білгендіктен өз денсаулығым үшін вакцина алуға келдім. Қыз бала негізі дәрігерлерге уақытылы тексерілуі өте қажет.
РКС: Адам папиллома вирусы теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын, жыныстық жолмен берілетін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 200-ге жуық түрі бар. Қатерсіз түлері теріде сүйелдер тудыратын болса, онкогенді түрлері 14-ке жуық қатерлі ісікке шалдыруы мүмкін. Әсіресе 16 және 18 –ші типтері өте қауіпті. Олар жатыр мойны,ауыз қуысы обырына әкелуі де мүмкін. Сирек жағдайда терінің зақымдалған жерлері арқылы жанасумен беріледі дейді дәрігерлер.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛӘМ, ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ БОЙЫНША ШТАТТАН ТЫС МАМАН: Әйелдердің осы қатерлі ісігінің алдын алудың ең тиімді жолы ол жасөпірім шағында 11 жастан бастап алдын ала вакциналау қыздарды. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны уақытында алу. Бұрын 11 жастан болса, қазір 13-14 жастан 17 жасқа дейін екпе ала алады тегін түрде.Сол арқылы болашақта жатыр мойны қатерлі ісігінен сыртқы жыныс қатерлі ісігінен өзін өзі сақтай алады.
РКС: Вирусты толық жоятын дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Көбінесе адам ағзасы өздігінен күресіп, 6-12 айда жеңуі мүмкін. Алайда оның салдары сүйелдер немесе қатерлі ісік жасушаларын емдеумен шектеледі. Папиллома вирусынан қорғайтын бір ғана жол –вакцина алу дейді дәрігерлер. Екпе аурудан толықтай қорғайтын ең сенімді тәсіл. Өйткені қауіп төнуі мүмкін жастағы әйелдердің жас шамасы 30 бен 60 жас аралығы. Сондықтан уақытында тексеріліп, дәрігердің қабылдауына барған дұрыс.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ