ДИКТОР: «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Көкшетауда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Іс-шара барысында сотталғандарға қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріліп, оларды қызықтырған сұрақтар бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Тілші баяндайды.

РКС: Акцияны облыстық прокуратура ұйымдастырды. Құқық бұзған, бірақ, соттың үкімімен қоғамнан оқшауланбау түріндегі жаза белгіленген азаматтар кеңес алуға келді. Бұл адамдар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемесе де, белгілі бір шектеулерді орындауға міндетті. Олардың проация қызметінің бақылауында болады.

СНХ: ЖАЛҒАС ЖИЕНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҮКІМДЕРДІ ОРЫНДАУДЫ ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Акцияға пробациялық бақылауда тұрған 100-ден астам адам қатысты. Іс-шара барысында олар өздерін толғандырған құқықтық сұрақтар қойып, кеңес алу мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларды шешуде практикалық көмек те көрсетілді.

РКС: Пробация қызметінің мамандары мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтарға өмірлерін дұрыс жолға бағыттауға көмек көрсету екенін айтты. Ол үшін мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

СНХ: ШОҚАН ҚҰСАЙЫНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру - қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды бағыттарының бірі больп табылады. Осы орайда пробация қызметі тарапинан түрлі әлеуметтік және құқықтық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

РКС: Кездесу барысында ең өзекті мәселелердің қатарында рақымшылық, жеке кәсіп ашу мен жұмысқа орналасу жайы болды. Ұйымдастырушылар мұндай акциялар азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып, осы санаттағы адамдардың қоғамға бейімделуіне ықпал ететінін айтып отыр.

РИЗА ЖҰПАРИЯ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ