ДИКТОР: Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығының өкілдері Ақмола облысындағы агрокомпаниялармен кездесті. Жергілікті кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу салаларындағы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жолдарымен таныстырды.

РКС: Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығына зерттеу университеттері, ауыл шаруашылығының тәжірибе станциялары және сервис компаниялары кіреді. Кездесуге қатысушыларға agrobilim.kz цифрлық платформасы таныстырылды. Бұл сайтта мал шаруашылығы мен ветеринария, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми әзірлемелер ұсынылған. Қазақстандық ғалымдардың жұмыстарымен қызығушылық танытқан кез келген адам тегін таныса алады.

СНХ: МАКСИМ СУТУЛА, ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің штатта 7 мыңнан астам қызметкер бар. Олардың бәрі ғалымдар мен өндіріс саласының мамандары. Біздің тигізер пайдамыз қандай? Ұйымның ғылыми-техникалық сүйемелдеуін толық қамтамасыз ете аламыз. Біздегі ұйымның жартысында тұқым және элиталық тұқым шаруашылықтарының мәртебесі бар. Яғни біз ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы тұқымын өндіреміз. Қазір майлы дақылдарды өсіруге ерекше екпін беріліп отыр. Жемазық үшін жүгеріні көбірек өсіруге талпынып жатырмыз. Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін мал шаруашылығына басымдық берілуде.

РКС: Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты Ақмола облысында «Гормолзавод» серіктестігімен бірлесіп ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырумен айналысады. Бұл ынтымақтастың арқасында «Ғылым қорының» 2 грантын жеңіп алды. Бұл қаржының негізінде әзірлемелер өндіріске енгізілуде.

СНХ: ЕРНҰР ӘЙТКЕНОВ, АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТРАНСФЕРТ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өздеріңіз білесіздер, елбасымыз осы ауыл шаруашылығы өнімдер коммерцияландыруға үлкен назар аударып отыр. Ол басым бағыттарының бірі біз үшін. Сондықтан да қазіргі кездегі енді қолымыздағы бар мәлімет бойынша, ғылыми зерттеулердің коммерцияландыру деңгейі әзірге 18 пайыз ғана. Осының үлесін неғурлым көтеріп, мынау басқа да әзірлемелерімен бәсекеге қабілеттілік арттыру. Бұл үшін осында жұмыс істеп отырмыз.

РКС: Ғылыми-оқыту орталығының кәсіпкерлермен және жергілікті билікпен өзара іс-қимыл форматындағы соңғы кездесуі емес. Еліміз бойынша хакатондар мен сайыстар өтіп тұрады. Ол жерде кәсіпкерлерге ғалымдардың жаңашылдықтары таныстырылып, компанияларды ынтымақтастықта жұмыс істеуге тартады.

МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ