ДИКТОР: Ақмола облысының құрама командасы каратэ-до шотоканнан Тараз қаласында ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары жетістікке жетті. «Taraz Open» балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирден де 13 медаль жеңіп алып, елге жүлделі оралды. Спортшыларды қарсы алуға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Чемпиондарды қарсы алуға жүздеген қала тұрғыны келді. Олардың қатарында қатысушылардың сыныптастары, ата-аналары мен достары бар. Жиналғандар спортшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, гүл шоқтарын табыстап, жеңістерімен құттықтады. Каратэ шеберлері ел намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ҰЛТТЫҚ КАРАТЭ-ДО ШОТОКАН ФЕДЕРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің спортшыларымыз осындай үлкен нәтижеге ие болып, жалпы командалық есепте 1-ші орынға ие болып келе жатырмыз. Оған қоса біздің спортшыларымыз балалар және жасөспірімдер арасында республикалық турнирде де жақсы нәтиже көрсетіп, одан да алтын медаль, қола, күміс медельдар жеңіп алды. Біздің командамыз биылғы жылы екінші жыл қатарынан осы жарыстан жоғары сатыдан осындай орын алып отыр.
РКС: Аталған чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 15 құрама келді. Жарыста 200-ден астам каратэші бақ сынасты. Алайда спортшыларымыз өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, 4 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Ал «Taraz Open» балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирден 2 алтын, 3 күміс және 8 қола медалін ұтып алды.
СНХ: РУСЛАН НИКОЛЕНКО, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен жеті жекпе-жекке шықтым және бірінші орынды алдым. Ақмола облысында 4 алтын, 3 күміс медаль алдық. Қазақстан, алға!
СНХ: АРИНА МОЖАЕВА, ҚР БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Өткен чемпионатта мен екі қола медалін жеңіп алдым. Оған жақсы дайындалып, алға қойған мақсатыма жеттім.
СНХ: КАРИНА КЕЛДІБЕКОВА, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Чемпионатта командалық кумите мен катада екі бірінші орынды иелендім. Осындай жетістікке команда мен жаттықтырушылардың қолдауының арқасында жеттім. Сонымен қатар, облыстық турнирде жекелей кумите бағдарламасы бойынша үшінші орын алдым. Қарсыластарым мықты болды. Жарыс жоғары деңгейде өтті, бәрі де өте ұнады.
РКС: Айта кетейік, каратэ-до-шотоканнан облыстық құрама күзде Түркияның Анталия қаласында өтетін әлем чемпионатына, сондай-ақ Латвиядағы Baltic Open халықаралық турниріне қатыспақ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ