ДИКТОР: Учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарында тек қылмыстық істерді ғана емес, сонымен қатар профилактикалық жұмыстарды да жүйелі түрде жүргізуде. Соңғы жылдары нәтижесі жұмыстың арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтар айтарлықтай азайған.

РКС: Инспекторлар қызметінің бір бөлігі – қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдармен жұмыс істеу. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторы аумақты үнемі аралап, тұрғындардан келген шағымдар мен хабарламаларды қарастырады. Алайда қазіргі уақытта ең басты бағыт – интернет алаяқтыққа қарсы жұмыс жүргізу. Юбилейный шағын ауданының учаскелік инспекторы Ержан Ерғасбекұлы өз аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмысқа ерекше екпін беріп отыр.

СНХ: ЕРЖАН ЕРҒАСБЕКҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ: Учаскелік инспекторлардың тікелей міндеттері халықтармен тікелей байланыс, әкімшілік учаскелікте тұратын. Негізі бізде әкімшілік учаскелік аумақта 17 мыңнан астам халықтар тұрады, солармен күнделікті жұмыс атқарамыз. Яғни басты мәселе бізде қазір интернеттік алаяқтық, сол бағытта профилктикалық жұмыстар өткіземіз. Одан бөлек отбасылық жанжалдар болады, әрдайым 102-ге хабарласады, яғни бізге тікелей хабарласады отбасылық жанжалдар бойынша. Сол мәселе бойынша жұмыстар атқарамыз.

РКС: Бұл саладағы құқық бұзушылықтар қоғам үшін аса маңызды болғандықтан, учаскелік полиция қызметкерлері арнайы тексерулер мен профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Учаскелік инспекторы Ержан зейнеткерлермен де жұмыс істеп, әрдайым көмекке келеді, - дейді аудан тұрғындары.

СНХ: ҚАМЫШ ОМАРОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Мен міне зейнеткермін, Осы әрқашанда маған участковый Ержан қашанда көмегін беріп тұрады, интернет мошиненниктермен бәрімен қалай жұмыс істеу керегін бәрін үйретіп тұрады, көптен көп рахмет айтамын. Арасында звондап тұрамын көмегі бар, әрқашанда қолдайды, көмектеседі. Жоқ маған былтырлары бір рет сондай звонок түсті, онда қорқытып өзім не істерімді білмей қалдым. Көмек сұрадым, көмектесті. Басқа проблемаларым да бар, соған да бәріне көмектесіп, жақсы көмегін беріп тұрады.

СНХ: ЛЮБОВЬ ГОНЧАРОВА, ЮБИЛЕЙНЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Учаскелік полиция қызметкерлеріміз жақсы. Өз жұмысын жақсы істейді. Мәселе туындаса оларға хабарлаймыз, олар дереу әрекет етеді. Бізбен бірге жұмыс жүргізеді. Ауданымызда қазір тыныштық орнады. Соңғы уақытта жағдай жақсарды. Тәртіп сақшыларының жұмысының арқасында ауданымызда құқық бұзушылықтар азайды.

РКС: Учаскелік полиция инспекторлардың қызметі тек қылмыстық қудалау емес, сонымен қатар тұрғындармен тікелей жұмыс істеу арқылы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған. Тіпті дүкендерді аралап, әкімдіктермен де құқық бұзушылықтардың алдын алуда жұмыс істейді.

СНХ: ВАЛЕРИЯ КОВАЛЬЧУК, ДҮКЕН ИЕСІ: Учаскелік полиция қызметкеріміз үнемі келіп, 21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға байланысты алдын алу жұмыстарын жүргізеді, уақыты таңғы 12:00-ден кешкі 21:00-ге дейін. Сондай-ақ ол алаяқтық, энергетикалық сусындар мен темекі өнімдерін сатуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

РКС: Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы тек қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алу ғана емес, тұрғындармен тікелей жұмыс істеуге бағытталған. Бұл өз аумағының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ