ДИКТОР: Көкшетауда облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген ХІ есепті-сайлау конференциясы өтті. Жиынға аймақ басшысы Марат Ахметжанов, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және қоғам қайраткерлері қатысты.

РКС: Жиын барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен өңірде қолға алынған бастамаларға тоқталды. Айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бастысы – атқарылған істің игілігін ең алдымен - халық сезінуі тиіс.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемеұлының бастауымен түрлі түбегейлі реформалар қолға алынды. Ақмола облысы тек қана, аграрлы сала емес, индустриалды аймаққа да айналып келе жатырмыз. Ауыл шаруашылығына әрине басымдық бар, өйткені ауыл шаруашылығы ертеңгі біздің бүкіл экономикамызды алға тартуына драйвер болып есептеледі. Қазіргі ең басты міндетіміз – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру, және экономиамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу.

РКС: Қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында да жүйелі жұмыстар қолға алынған. Соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай нәтижелер бар. Елімізде қарттарға ерекше ықылас пен қамқорлық көрсету мақсатында кешенді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ақмола облысында да бұл бағыт назардан тыс қалған емес. Әлеуметтік төлемдер, салықтық жеңілдіктер және тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар – соның айғағы. Бүгінде өңірде 119 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Ардагерлерге арналған іргелі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ақырғы екі жылдың ішінде біздің бюджетіміз 1,5 млрд-тан 7,5 млрд-қа дейін көтерілді. 5 есеге өсіп отыр. Оның ішінде санаторлық-курорттық емдеуге 30 айлық есептік көрсеткіште біржолғы көмек көрсетіліп жатыр. Одан қалды қоғамдық көлікте тегін жүру, қарттар айлығы кезінде 2,5 айлық есептік көрсеткіште біржолғы жәрдемақы көрсету, одан қалды Белсенді ұзақ өмір орталығы, алдағы уақытта барлық ауданда ашылады. Бүгінде Көкшетау қаласы мен 6 ауданда ашылды. Мұның барлығы – ардагерлерге жасалып жатқан мемлекет тарапынан қамқорлық деп білеміз.

РКС: Қарты бар елдің - қазынасы бар. Бүгінде өмірдің сан тарауынан өткен, тәжірибесі мен тағылымы мол ардагелер қоғамның барлық саласында белсенділік танытып келеді. Әсіресе, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің сабақтастығын сақтауда олардың еңбегі ұшан-теңіз. Жиын соңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірде белсенділік танытқан бір топ ардагер Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ