ДИКТОР: Зеренді ауданында жаңа жемазық зауыты мен сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында зауыттың жұмысы және инвестициялық жобаларымен танысты.

РКС: «ХПП Қарағай» серіктестігі ашқан жемазық зауытында мал азығы өндіріледі. Дайын өнім одан әрі экспортталады. Негізгі өткізу нарығы - Қытай Халық Республикасы. Жоба жетекшісінің айтуынша, зауыт 7 ай ішінде барлық стандартқа сәйкес салынған.

СНХ: НИКОЛАЙ КОЗАК, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі таңда өнім дайын, оның экспортын күтудеміз. Бұл қондырғының өнімділігі сағатына 60 тоннаны құрайды, тәулігіне біз 1400-1500 тонна дайын өнім шығара аламыз. Зауыт өз қаражаты есебінен салынды. Шикізатты да өз қаражатына алатын болады.

РКС: Ғимаратта роботтандырылған техника орнатылған, ол қызметкерлердің міндеттерді орындаудағы жұмысын жеңілдетеді. Бүгінде зауытта 18 адам жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі Еленовка ауылынан, екіншісі Көкшетау қаласынан келеді. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Мейірбек Бертай қазір Көкшетауда тұрады. Серіктестікте электрокардың жүргізушісі болып еңбек етуде. Тауар тиелген жүктерді тасымалдайды.

СНХ: МЕЙІРБЕК БЕРТАЙ, ЖҰМЫСШЫ: Мен дайын өнімді бір жерге жинаймын. Мұнда жалақы жақсы, заң бойынша рәсімдеді, зейнетақы, табыс барлығы төленеді,медициналық сақтандыру, тамақ, тасымалдау жағы да ұйымдастырылған.

РКС: Жоба жетекшісі сондай-ақ майлы дақылдарды өңдейтін зауыт пен контейнер алаңын салу жоспарланып отырғанын айтты. Облыс әкіміне Қарағай станциясының индустриалды аймағы таныстырылды. Өндірістік кәсіпорындарды орналастыру және бизнес-жобаларды іске асыру үшін 96 гектар жер учаскесін бөлу жоспарлануда. Аумақтың артықшылықтарының бірі - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға жақын орналасқан. Симферополь ауылы мен Қарағай станциясының арасында жел электр станциясы салынады.

СНХ: ӘДІЛ ҚАНТАЕВ, «ALPHA WIND» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Зеренді ауданында қуаты күніне 150 МВт жел электр станцияларының құрылысы 27 жел турбинасын орнатуды көздейді. Құрылыстың басталуы ағымдағы жылдың жазына жоспарланған және 2027 жылдың соңына дейін жалғасады.

РКС: Ауданда 400 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Инвестициялық жобаны «Agro Milk Project» серіктестігі Еленовка ауылында іске асырды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары мен сауу жабдықтарын монтаждау және іске қосу-жөндеу процесі толығымен аяқталды.

СНХ: ЮРИЙ ШВЕЦ, «AGRO MILK PROJEKT» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз сауын залы мен ірі қара мал сатып алдық. Несиеге алған 750 миллионның 150 миллионын бүгіннің өзінде қайтардық. Алдағы 8 жылға арналған кесте бойынша қалатын қаражат 600 миллион теңге. Біз 300-ден аса бас мал әкелдік; бүгінгі таңда оның 60 проценті бұзаулады, қалған бөлігі күзге дейін бұзаулайды деп күтілуде. Болашақта тағы бірнеше ғимарат құрылысын салуды жоспарлап отырмыз.

РКС: Фермадағы сүт өндірісі тәулігіне 4 тоннаға жетеді, жазға қарай бұл жерде сауынды 6,5 тоннаға, келер жылы 8 тоннаға дейін арттыру жоспарлап отыр. Барлық өндірілген өнім қайта өңдеу зауытына жеткізіледі. Кәсіпорынды толық жобалық қуатына шығару жыл соңына дейін жоспарланған.

СНХ: ҒАЛИЯ ТӨЛЕГЕНОВА, САУЫНШЫ: Сиырды бір сауғаннан 20-25 л сүт аламыз. Біз 3 мезгіл сиыр сауамыз. Таңғы бестен бастап кешкі сегізде дейін. Екіншісінде обедтен 1 ден бастап 4-ке дейі, кешкісінде сағ7ден бастап 9-10 ға дейін. Сауу процесі автоматтандырылған бізде. Сүттерді бұзауға береміз. Дұмыс өзіме ұнайды, неге десеңіз зп үлкен өзіме жеткілікті, өзімнің отбасыма жеткілікті. ауылда ірі шаруашылықтың ашылуы бірінші рет. Ол бізге қажет. Және жаңа жұмыс орындары .

РКС: Айта кетейік, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы несиелеу бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылдар аралығында облыста 8 сүт-тауарлы фермасы қаржыландырылды, оның ішінде 6 ферма пайдалануға берілді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖУРСИН ОМИРЗАК, АЛМАС САДВАКАСОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.