ДИКТОР: Тәрбиеші - жай ғана мамандық емес, ол шыдамдылық пен шынайылықты, балаларға деген шексіз махаббатты талап ететін ерекше маман иесі. «Алтын бала» балабақшасында осы ұстанымды берік ұстанған педагог-сарапшы Елена Павловская еңбек етеді. Оның мамандыққа келу жолы мен бүлдіршіндерге берер тәлімі – алдағы сюжетте.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Елена Павловская – 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог-сарапшы. Ол бұл мамандықты саналы түрде таңдаған. Алғашында бүлдіршіндерді қолдау үшін балабақшадағы ертеңгіліктерге қатысып, мерекелердің шырайын келтіріп отырған. Өзінің айтуынша, балалар оған ерекше жақын болып, тез тіл табысқан. Осылайша, балғындармен жұмыс істеуге деген ықыласы оянды. Бүгінде ол 200-ден астам бүлдіршін тәрбиеленетін «Алтын бала» балабақшасында еңбек етеді.

СНХ: ЕЛЕНА ПАВЛОВСКАЯ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ: Біз әр күнді бала үшін ерекше өткізуге тырысамыз. Кешке үйге қайтарда бойына азғантай болса да бір жақсы нәрсені қабылдап, қуаныш сезімімен қайтса дейміз. Күн сайын оларды қоршаған әлеммен таныстырамыз. Осы арқылы балалар бізден үйренсе, біз де олардан көп нәрсе аламыз. Әрине, ең бастысы – шынайылық. Себебі бала ешқашан өтірік айтпайды, әрі біз де оған дәл сондай шынайы болуымыз керек. Балалар бәрін жүрегімен сезеді.

РКС: Елена Павловская кәсіби білімін 90-жылдары Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжде алып, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағытын таңдаған. Бүгінде ол әріптестерімен бірге балалардың сөйлеу, зейін қою, шыдамдылық дағдыларын қалыптастырып, оларды жазуға және қоршаған ортаны тануға баулып келеді

СНХ: ЕЛЕНА ПАВЛОВСКАЯ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ: Біз оқу үдерісін бағдарламаға сай жүргіземіз: балалар дыбыстарды меңгеріп, жазу дағдыларын қалыптастырады. Оқуға толық үйрету қарастырылмағанымен, негізгі назар дыбыстарды игеруге аударылады. Ең бастысы – баланың ұқыптылығы мен табандылығын дамытып, мектепке деген қызығушылығын ояту. Біз әр баланың мектепке дайындық деңгейін айқын байқаймыз.

РКС: Балабақшада 24 тәрбиеші жұмыс істейді. Олар балаларға білім беріп қана қоймай, мінез-құлық негізін қалыптастырады, сыйластыққа, мейірімділікке және өздігінен білім алуға баулиды.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКҢШЕ АҚПАРАТ