ДИКТОР: 12 сәуір - ғылым қызметкерлерінің күні. Айтулы дата қарсаңында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері Әбілжан Құсайыновтың ғылыми еңбектерінің көрмесі өтті. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері мен "Ауыл" партиясының өкілдері ғалымның еңбектерімен танысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бар ғұмырын ғылымға арнап келе жатқан Әбілжан Тоқанұлы әлі де сапта. Белгілі ғалым, академик еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын тереңнен зерттеген білікті маман. Ғылыми еңбектері мен тәжірибелерін агроөнеркәсіп саласына барынша қолдануда. Қазір профессордың 450-ден астам еңбегі бар.

СНХ: ӘБІЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Негізінде ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқалы маған 54 жыл болды. 1972 жылы Тюмень қаласында бастағанмын. 23 жыл бойы станционарлық зерттеу жұмыстарын, содан бері елге оралғаннан 1994 жылдан сол ғылыми зерттеу жұмысты үздіксіз жалғастырып, университет қабырғасында жастарды сол ғылымға баулып, сондай жұмыстар әлі де жүріп жатыр. Көп жылы бойы мен сортты жерлерін иегеру мәселесін зерттедім. Ол менің өте нәтижелі жұмыс болып шықты. Басым еңбектерім өндіріске арналған.

РКС: Шара барысында болашақ студенттерге ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне қатысты баяндамалар таныстырылды. Болашақ агрономдар қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығындағы инновациялар, агрохимия саласындағы заманауи жетістіктер сынды өзекті тақырыптарды қозғады.

СНХ: МАХАББАТ ЕСІЛОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Болашақ агроном ретінде біздің профессорымызға арналған маңызды іс-шараға қатыстым. Ол көптеген ғылыми еңбек жазды. Университетіміз үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін өте маңызды тұлға. Ол кісінің еңбектерімен таныспыз. Болашақта бірге жұмыс істеп, оның жетекшілігімен қандай да бір ғылыми еңбек жазып, зерттеу жүргізгім келеді.

РКС: Менің басты мақсатым - артымнан жақсы ізбасарлар қалдыру, - дейді Әбілжан Құсайынов. Соңғы бес жыл ішінде ол жүздеген шәкіртке ауыл шаруашылығы саласының қыр-сырын үйретіп келеді.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ