ДИКТОР: Ақмола облысында партиялық жүйе аясында халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге бағытталған нақты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл ретте «Amanat» партиясы бастамашы болған жобалардың маңызы зор. Солардың бірі – «Тұрғындар аманаты» жобасы. Аталған бастама өңірдегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ісін жетілдіруге үлес қосып отыр.
РКС: Тұрғындарға жаңа нормалар, көппәтерлі үйлерді басқару нысандарын таңдау тәртібі, меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат берілуде. Осы бағытта партия тарапынан құқықтық және әдістемелік қолдау көрсету тетіктері де жолға қойылған. Арнайы түсіндіру жұмыстары мен оқыту семинарлары ұйымдастырылып, тұрғын үйді тиімді басқарудың заңды жолдары кеңінен түсіндірілуде. Сондай-ақ, басқарушы компания өкілдері мен мүлік иелігі бірлестігі төрағаларына да кеңес берілуде. Бүгінге дейін шамамен 100-ге жуық адам оқытудан өткен.
СНХ: АЙГҮЛ ӘРІНОВА, КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУ КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Соңғы өзгерістер 2025 жылғы 15 қыркүйекте қабылданып, бүгінде қолданысқа енгізіліп жатыр. Соған сәйкес басқарудың жаңа түрі – бірлескен басқару енгізілуде. Бұл пәтер саны шектелмеген үйлерге қатысты. Алайда үйлер бойынша бірқатар мәселелер туындап отыр. Біріншіден, үй тарапынан құжаттарға қол қоятын жауапты тұлғалардың болмауы, яғни үйді қабылдайтын, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоятын адам жоқ. Бұл жағдай барлық басқарушы компаниялар үшін қиындық тудырады. Шешім қабылдау жалпы жиналыстың құзырында болғанымен, кез келген басқару субъектісіне мұндай үйлермен жұмыс істеу күрделі болады. Екіншіден, көппәтерлі үйлерді басқару процесіне тұрғындардың белсенді қатысуы қажеттілігі артып отыр.
РКС: Өз үйіндегі басқару мәселесімен жүгінгендердің бірі – Анна Савинова. Ол тұрғын үйді басқару тәртібіне қатысты бірқатар сұрақтарын көтерді.
СНХ: АННА САВИНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл кездесулер біз үшін аса маңызды, себебі мұнда аталған салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар өз білімдерімен бөліседі. Осындай мүмкіндік арқылы біз үйді басқару жүйесін қалай тиімді ұйымдастыруға немесе өзгертуге болатынын тереңірек түсіндік. Қазір біздің үйде шешімін талап ететін бірқатар күрделі мәселелер бар. Атап айтқанда, кәріз жүйесі, жертөленің жай-күйі және жалпы үйдің техникалық жағдайы алаңдатады. Осыған байланысты біз пәтер иелері кооперативін ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды, немесе мүлік иелері бірлестігінің нысанына көшуді, үй төрағасын сайлауды, не болмаса басқарушы компанияны таңдауды жоспарлап отырмыз.
РКС: Ақмола облысында 4000-ға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 400-ге таяуында мүлік иелерінің бірлестіктері тіркелсе, қалған үйлерде бірлескен басқару нысаны қолданылады. Өңірде 92 басқару органы жұмыс істеуде. Олардың қатарында пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар бар. Бұл ұйымдар 800-ден астам көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсетіп отыр.
СНХ: ӘСЕМ САРКИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазіргі уақытта дұрыс үйді басқару үшін менің ойымша білімді маман болуың керексің. Сондықтан, мен жиі жиналыстарға қатысамын. Өзім ОСИ председательі ретінде экзамен тапсырып, сертификат алдым. Қазір сол сертификат бойынша мен қала бойынша тек қана өзім тұратын үй емес, басқа үйлерлі алуға рұқсатым бар. Өзім тұрғын болғаннан кейін председатель ОСИ болып үшінші жыл жұмыс атқарып жатырмын. Біз енді үйді толық қараймыз. Отопительный сезон уақытында опресовканы жасаймыз. Үйдің тазалығын, ауласын бәрі таза болуы үшін бәрін бақылап, сантехник дегендей, электрикасын, мысалы ең кішкентай сұрақтар дегенде лампочканы ауыстыру дегендей, өйдің маңайына гүл отырғызамыз. Сол сұрақтармен айналысамыз.
РКС: «Тұрғындар аманаты» жобасы аталған мәселелерді шешу барысында партияның, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың күш-жігерін біріктіретін тиімді алаңға айналып отыр.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ