ДИКТОР: Бүгінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалында түрлі бағдарламалар бойынша 7 курс өтіп жатыр. Оның ішінде «Жасанды интеллект», бастауыш сыныптарда оқыту және «Адал азамат» бағыттары бар. Бұдан бөлек қазір Бұланды ауданы және Степногорск қаласында курстар өтіп жатыр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Биыл «Өрлеу» орталығында облыстың 3 мыңға жуық мұғалімі курстан өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар «Жаһандық перспектива» мектептерінің 300-ге жуық мұғалімі Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Қаржылық сауаттылық» жобасы бойынша оқытудан өтеді. Аталған жоба Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырылуда.
СНХ: ЖАННА БАЙГАРИНОВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір мұғалімдерді түрлі бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқытуды бастадық. Біздің бағдарламаларымыз жаңартылып, жасанды интеллект бойынша көптеген курстарды енгіздік. Түрлі форматтар қайта қаралды. Бүгінде филиалымызда British Council, яғни Британдық Кеңестің үш шебер–жаттықтырушысы бар. Жақында еуропалық APC кәсіби жаттықтырушыларды оқыту бағдарламасы аяқталды. Оқытушыларымыз аталған бағдарламаға қатысып, сертификаттар алды.
РКС: «Адал азамат» бағдарламасы жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды жоба. Оның басты мақсаты – оқушыларды адал, әділ, еңбекқор және жауапты тұлға етіп қалыптастыру. Бүгінде «Өрлеу» орталығында курстан өтіп жатқын Новоникольское ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Әбенова аталған бағдарламаның мазмұнын өз жұмысында тиімді пайдалануда.
СНХ: ӘЙГЕРІМ ӘБЕНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ НОВОНИКОЛЬСКОЕ АУЫЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Өрлеу біліктілік арттыру орталығында «Адал азамат» бағдарламасы аясында білім беру процесінде біріңғай құндылықтарды енгізу курсын өтіп жатырмын. Бұл курстың маңыздылығы біз «Адал азамат» бағытында балалардың бойында түрлі құндылықтарды оятуымыз керек. Мысалы адалдық, құрмет, патриотизм, бірлік, ынтымақтық дегенді осыларды қалыптастыру тәсілдерін үйрену біздің бүгінгі мақсатымыз. Курстың ерекшелігі оның тәжірибеге бағытталуы. Біз түрлі жұмыстар арқылы, топтық жұмыстар болсын, әр түрлі тәжірибелік жұмыстар арқылы осы интеграцияны үйреніп жатырмыз. Негізі «Адал азамат» бағдарламасының басты мақсаты - саналы, тәрбиелі, ел болашағына зор үмітпен қарайтын оқушыларды қалыптастыру. Алдағы уақытта алған білімімді оқушылардың бойында қалыптастыру үшін тиімді және жұмысқа пайдалы жұмысқа негіздей аламын деп ойлаймын.
СНХ: ЖАНАР ЖАМАНТАЕВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Біліктілікті арттыру курстарының білім беру процесінде бірыңғай тәрбиелік құндылықтарды жүзеге асыру педагогтердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Бұл құзыреттілік мұғалімдерге өз пәнінің мазмұны арқылы құндылықтарды кіріктіруге мүмкіндік береді. Құндылықтарды енгізу мақсаттардан бастап күтілетін нәтижелерге дейін жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Біздің басты міндетіміз мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және оларды оқу процесіне тиімді енгізу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету. Тәрбие бағдарламасының негізіне алынған 6 құндылықты күнделікті оқу процесінде түрлі тәсілдер, ақпараттық ресурстар және цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асыруымыз қажет.
РКС: Жалпы, біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беруде. Мұндай бағдарламалар мұғалімдердің заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде білім сапасы артып, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ