ДИКТОР: Қазақ күресі, дзюдо, самбомен айналысатын еліміздегі жасы үлкен спортшы Степногорск қаласында тұрады. 83 жастағы Смағұл Ахметжанов бұған дейін әлемдік жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанған. Былтыр Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында күміс иеленген спортшының ендігі мақсаты алтын медалға қол жеткізу.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Смағұл Жұмағұлұлы қазақ күресі, самбо, дзюдомен 30 жасында айналыса бастайды. Бұған дейін Қазақстан чемпионаттарында 10 рет чемпион атанып, былтыр Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Арманым әлемде бірінші орын алу дейді. Смағұл Ахметжановтың жаттықтырушысы 78 жаста. Анатолий Кузнецов шәкіртінің еңбекқорлығын ерекше бағалайды.
СНХ: АНАТОЛИЙ КУЗНЕЦОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Смағұл маған 1974 жылы 30 жасында жаттығуға келді. Бірге үлкен нәтижелерге қол жеткіздік: мен 13 рет бүкілодақтық турнирде жеңіске жетіп, Қазақстанның 14 дүркін чемпионы болдым. Смағұл да көптеген халықаралық жарыстарды бағындырып жүр. Қазір дзюдо қарқынды дамып келеді. Жаттықтырушылар көп, бірақ нағыз спортшыларды тәрбиелей алатын тәлімгерлер аз. Сондықтан оны кеңесші ретінде жұмысқа алса деймін.
РКС: «Спорт лайф» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Смағұл Ахметжанов биыл Словения елінде өтетін әлемдік жарысқа дайындалуда. Шетелде өтетін додаға бару үшін қаражат керек, сол үшін жұмысқа орналасқан. Күн сайын, таңғы сағат 6-дан бастап көше тазалайды. Бірнеше шақырым жолды жаяу жүріп, еңбек етеді.
СНХ: СМАҒҰЛ АХМЕТЖАНОВ, «SPORT LIFE» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мына жұмысқа кіргенім әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Таңертең жұмысқа барам, сосын тренировка, футболға барам. Ветерандардың футболы бар. Бірнеше рет мен лучший вратарь болдым. Қазір бір ыңғайлы жұмыс іздеп жүрмін, жоқ.
РКС: Смағұл Жұмағұлұлы тұрақты жұмысынан басқа күн сайын екі сағат міндетті түрде спортпен шұғылданады. Аптасына бірнеше рет оқушыларды тегін жаттықтырады.
СНХ: СМАҒҰЛ АХМЕТЖАНОВ, «SPORT LIFE» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастарға обезательно спортқа кіру керек. Ол тамақ ішкендей ғой. Тамақ ішпесең жамансын, күш жоқ, ұйықтай бересін. Ал спортпен айналыспасаң тез шаршайсың, ал спортта жүргендер барлығын істейді. Еще кешке спортқа барады. Мен есімді білгеннен спортта жүрмін. Үйде 7 гирім бар, сонымен заниматься етем. Облыс әкіміне барайық дегеміз бірге қолдау болады ма жоқ па. Общественный фонд спорт лаиф. Бізге ешқандай көмек жоқ, соған әкімге барып сөйлесейік дегеміз. Бізді қолдай ма, бастағанымыз дұрыс па жоқ па дегендей.
РКС: Кейіпкеріміз Ресейде туған, ата-анасы өмірден өткеннен кейін, әжесімен Қазақстанға қоныс аударады. Әжесі көз жұмып, өзі балалар үйінде де тәрбиеленеді. Кейін әркімнің босағасында жүрдім, еңбекке ерте араластым. Мал бағып, өмірдің біраз тауқыметін көрдім. Адал еңбек пен отбасымның қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге жеттім дейді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ